07.04.2011, 13:59 49290

"Гагарин" Халықаралық ғарыш станциясымен түйісті

"Гагарин" Халықаралық ғарыш станциясымен түйісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 7 - сәуір. Kazakhstan Today - "Гагарин" Халықаралық ғарыш станциясымен түйісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "Союз ТМА-21" ("Гагарин") кемесі бүгін, 7 сәуір күні Мәскеу уақыты бойынша сағат 3.09-да Халықаралық ғарыш станциясымен түйіскен.

Қысым теңестіріліп, түйісу торабының герметикалық жағдайы тексерілгеннен кейін люктер ашылды және жаңадан келген экипаж станцияға ауысты. Оларды Халықаралық ғарыш станциясында ресейлік ғарышкер Дмитрий Кондратьев, итальяндық ғарышкер Паоло Несполи және американдық астронавт Кэтрин Колман күтіп алды.

Адамның ғарышқа алғашы сапарының 50 жылдығы құрметіне ұшырылған "Гагарин" кемесімен Халықаралық ғарыш станциясына Ресейдің екі ғарышкері - Александр Самокутяев (командир) және Андрей Борисенко (бортинженер), сондай-ақ американдық астронавт Рональд Гаран (бортинженер) келді.

"Союж" экипажы стансада 164 күн болады және осы аралықта олар ғарышта 40 шақты тәжірибе жүргізеді.

Естеріңізге сала кетсек, 5 - сәуір күні таңертең Астана уақыты бойынша 04 сағат 18 минут 20 секундта "Байқоңырдан" халықаралық экипаж мінген "Союз ТМА-21" ғарыш кемесі ұшырылған болатын.

Ғарышқа ресейлік ғарышкерлер Александр Самокутяев және Андрей Борисенко, сондай-ақ американдық астронавт Рональд Гаран аттанған.

"Ресейғарыштың" баспасөз қызметінен хабарлағандай, жерден аман-есен ұшырылғаннан 9 минуттан кейін кеме есептік орбитаға шықты. Аппарат Халықаралық ғарыш стансасымен 7 сәуірде түйіседі.

Ресейдің Федералдық ғарыш агенттігінің ғарышкерлері Александр Самокутяев пен Андрей Борисенко үшін бұл бірінші ғарыш сапары болса, НАСА астрнавты Рональд Гаран ғарышқа екінші рет аттанып отыр.

Ал орбитадағылар Халықаралық ғарыш стансасының 27/28 ұзақмерзімдік экспедицияларының экипажын қарсы алуға қызу дайындалуда. Қазір стансада Дмитрий Кондратьев, Паоло Несполи, Кэтрин Коулман ғарыш вахтасын атқарып жатыр.

12 сәуір - Космонавтика күні, станциядағы барлық алты ғарышкер Юрий Гагариннің ғарышқа сапарының 50 жылдығына арналған шараларға қатысып, осынау атаулы күнмен бүкіл әлем халқын құттықтайтын болады.

Photo: Voice of Russia

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны