27.03.2007, 18:06 3107

Ғарышкер Мұсабаев Қазақстан Халықаралық ғарыш станциясына баратын экспедицияларға атсалысу мүмкіндігіне қол жеткізуге талпынуы қажет деп санайды

АСТАНА. 27-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстан Халықаралық ғарыш станциясына баратын экспедицияларға атсалысу мүмкіндігіне қол жеткізуге талпынуы қажет. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен кеңес барысында ҚР аэроғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз Қазақстанды Халықаралық ғарыш станциясының іс-қызметіне қатыстыру жөніндегі келісімнің қабылдануына қол жеткізіп, осы мәселені дәйектеуіміз қажет",- деді ғарышкер.

Т.Мұсабаев "қазақстандық ғарышкерлердің таяу келешекте Халықаралық ғарыш станциясына бармақ түгілі тіпті ғарыш кемесінің бортына да бас сұғуға тіптен теориялық мүмкіндігі жоқ" екенін өкінішпен атап өтті. "Біздің ғарышкерлер жақсы оқып жатыр, жақсы нәтижелер көрсетуде, алайда, қазіргі жағдаймен әлемдік ғарыш саласында қалыптасқан нақты ахуал олардың экипаждар құрамына кіре алмай қалуына апарып соғуда",- деді ол.

Агенттік төрағасының айтуынша, "2009-жылы АҚШ шаттл корабльдерін ғарышқа ұшыруды доғарады, сол себепті экипаждарды жер орбитасына шығаруға қатысты барлық ауыртпалық Ресейдің "Союздарына" жүктелмек". "Шаттл кемелері ұшпайтындықтан Халықаралық ғарыш станциясының бір белсенді қатысушысы ретінде АҚШ алдағы үш жылға бортинженерлердің орынтағын иемденіп алған",- деп түсіндірді Т.Мұсабаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны