19.09.2007, 18:20 3046

GlobalStar жер серіктерін орбитаға шығаруға арналған "Фрегат" үдеткіш блогы Байқоңырға жеткізілді

GlobalStar жер серіктерін орбитаға шығаруға арналған "Фрегат" үдеткіш блогы Байқоңырға жеткізілді.

Байқоңыр. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін". - GlobalStar жер серіктерін орбитаға шығаруға арналған "Фрегат" үдеткіш блогы Байқоңырға жеткізілді. Бұл туралы агенттік тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығынан хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 18 қыркүйек күні кешке "Юбилейный" әуежайына АН-124 "Руслан" ұшағымен жеткізілген "Фрегат" үдеткіш блогы бар контейнерлер 31-ші алаңның монтаж-сынақ корпусына жеткізілді, онда үдеткіш блок ұшырылымға дайындалады.

"Фрегат" үдеткіш блогы С. Лавочкин атындағы ғылыми-өндірістік бірлестікте жасалған және мақсатты орбитаға төрт бірдей GlobalStar ғаламдық байланыс жүйесі жер серіктерін шығаруға бағытталған .

GlobalStar спутниктік байланыс жүйесін кең ауқымды тұтынушылар қауымына дыбысты байланыс, қысқаша хабарламалар қызметі, роуминг, факс байланысы және мәліметтер беру секілді жоғары сапалы спутниктік қызметтер көрсету үшін халықаралық телекоммуникациялық компаниялар консорциумы жасап шығарған.

GlobalStar спутниктік тобы Жер бетінен 1414 шақырым биіктіктегі, төменгі орбитада орналасқан 48 жұмысшы және 4 қосалқы жер серіктерінен тұрады.

2006 жылдың мамыр айында Байқоңырдан "Союз-ФГ" зымыран тасығышы GlobalStar ғарыштық аппаратын алып ұшты. Ол кезде жер серіктерінің тобы төрт жер серігімен толықты.

"Союз-ФГ" зымыран тасығышы мен "Фрегат" үдеткіш блогы GlobalStar ғарыштық аппараттарның тағы -төртеуін алып ағымдағы жылдың қазан айында ұшырылады деп межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны