23.04.2008, 15:05 3075

GLOVE-В ғарыштық аппаратын алып ұшатын "Союз-ФГ" зымыран тасығышы ұшырылым кешеніне орнатылды

GLOVE-В ғарыштық аппаратын алып ұшатын "Союз-ФГ" зымыран тасығышы ұшырылым кешеніне орнатылды

Байқоңыр. 23-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда GLOVE-В ғарыштық аппаратын алып ұшатын "Союз-ФГ" зымыран тасығышы ұшырылым кешеніне орнатылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Роскосмос агенттігіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, №31 алаңның монтаж-сынақ корпусында Самараның "ЦСКБ-Прогресс", "Вымпел" ТКБ мен "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының мамандары "Союз-ФГ" зымыран атсығышының зачет есебіндегі сынақтарын жүргізуде.

Бүгін таңертең 7 сағат 30 минутта "Союз-ФГ" зымыран тасығышы №31 алаңның монтаж-сынақ корпусынан темір жолмен ұшырылым кешеніне тасымалданды. Зымыран тасығыш жеткізіліп, №31 алаңның ұшырылым қондырғысына ұшырылым "үстеліне" тік күйінде орнатылды. Ғарыш айлағының мамандары бекітілген жұмыс кестесі бойынша ұшырылымның бірінші күнгі жұмыс жоспарына кірісті.

Зымыранға қызмет көрсету фермалары жеткізілді. Қазір "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының мамандары бірінші ұшырылым күнінің кестесі бойынша жер үсті кешені мен зымыранды түйістіруде. Бұдан кейін ғарыш айлағының мамандары ғарыштық аппарат пен зымыран тасығыштың жүйелерін тексеретін болады.

"Союз-ФГ" зымыран тасығышын ұшырылым алаңына шығару жөніндегі шешім кеше, 22 сәуірде ұшырылым жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында қабылданды. Ғарыш айлағының мамандары ұшырылым кешені мен зымыран тасығыш жүйелерін екі күн бойы тексеретін болады.

GLOVE-В ғарыштық аппаратын "Союз-ФГ" зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың 27-сәуірінде Астана уақытымен 4 сағат 16 минутта ұшыру жоспарланған.

Салмағы 700 килограмдық GLOVE-В жер серігі Еуропаның Galileo навигациялық жүйесін дамытуға арналған. Жер серігі 23 000 шақырымға жуық орбитада 56 градусқа ылдилай орналасады. Жер серігі 12 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс.

Galileo - Еуропалық ғарыш агенттігінің жобасы. Ол Еуропаның өзіне тиесілі, тәуелсіз, ғаламдық навигациялық жер серігі жүйесі. Жобаға Еуропалық қоғамдастық елдерімен қатар Қытай, Израиль, Оңтүстік Корея, Украина мен Ресей де қатысады.

АҚШ-тың ғаламдық GPS навигациялық жүйесі мен Ресейдің ГЛОНАСС навигациялық жүйесінен ерекшелігі - Galileo жүйесін мемлекет те, әскери құрылымдар да бақыламайды.

Galileo жүйесіне 30 жер серігі (27 операциялық және 3 қосалқы) енеді және ол Жер бетіндегі заттарды 5-10 метрлік қателікпен тануға қабілетті. Galileo жүйесі АҚШ-тың GPS және Ресейдің ГЛОНАСС жүйесімен бірлесе жұмыс істей алатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны