01.09.2006, 16:30 2885

Халықаралық ғарыш станциясына баратын 14-ші экспедицияның экипажының мүшелері Байқоңырға келеді

БАЙҚОҢЫР. 1-қыркүйек. Kazakhstan Today. Халықаралық ғарыш станциясына баратын 14-ші экспедицияның экипажының мүшелері ертең, 2-қыркүйекте Байқоңырға келеді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.

Негізгі экипаж құрамына Ресей ғарышкері Михаил Тюрин, АҚШ астронавты Майкл Лопес-Алегриа, тұңғыш әйел-турист, Иран текті АҚШ азаматшасы Анюша Ансари енген. Қосалқы құрамда ресейлік ғарышкер Юрий Маленченко мен АҚШ азаматшасы Пегги Уитсон бар. Халықаралық ғарыш станциясына жол тартатын 14-ші экспедицияның экипажы Байқоңырға ұшу алдындағы дайындық шеңберіндегі екі күндік сапармен келеді.

Ғарышкерлер алғашқы күні "Космонавт" қонақ үйінде ғарыш кемесінің үлгісінде жаттығулар өткізіп, борт құжаттарымен танысады. Ал ертеңінде, яғни, 3-қыркүйекте экипаждар "Союз ТМА-9" ғарыш кемесінде жаттығулар жүргізу үшін 254-алаңның монтаж-сынақ корпусына барады. Жаттығулар мен әркімнің өзіне арналған анатомиялық ұшу-қону орындықтары - ложементтерді дайындау үшін ғарышкерлердің дене бітімінің үлгісін гипстен дайындау шарасы барысында экипаждар ложементтерді киіп тексеріп көріп, байланыс жүйелері мен жабдықтардың жұмысын тексереді.

"Союз ТМА-9" ғарыш кемесін ұшыру мерзімі қыркүйектің 14-інен 18-іне көшірілуге байланысты ғарышкерлер 3-қыркүйекте Жұлдызды қалашыққа оралады. Онда корабльді ұшыруға дайындық жұмыстарының ақырғы кезеңі жүзеге асырылады.

"Союз ТМА-9" ғарыш кемесін алып ұшатын "Союз ФГ" зымыран тасығышы 18-қыркүйекте ұшырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны