29.03.2007, 14:48 3336

Халықаралық ғарыш станциясына баратын 15 экспедиция экипажы "Союз ТМА-10" кемесінде жаттығу өткізді

БАЙҚОНЫР. 29-наурыз. Kazakhstan Today. Кеше Байқоңырда Халықаралық ғарыш станциясына баратын 15 экспедиция экипажы "Союз ТМА-10" кемесінде жаттығу өткізді . Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне "Байқоңыр" Федералды ғарыш орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, "негізгі және қосалқы экипаждары 254 алаңда "Союз ТМА-10" ғарыш кемесін қабылдап, түсірілетін аппаратта жаттығу өткізді". Федералды ғарыш орталығының ақпараты бойынша, ресей ғарышкерлері Федор Юрчихин, Олег Котов, және ғарышкер саяхатшы Чарльз Симони , сонымен қатар қосалқы ғарышкерлер - ресейлік Роман Романенко мен Михаил Корниенко скафандрларды өлшеп көрді және түсірілетін аппараттағы орындықты тексерді.

"Жаттығу соңынан ғарышкерлер қысқаша сауалдарға жауап берді. "Союз ТМА-10" командирі Олег Котов, экипаждың ұшуға толық дайын екенін атап өтті. 15 экспедиция экипажының командирі Федор Юрчихин халықаралық ғарыш станциясы бортында жүргізілетін сынақтар туралы айтып берді", деп хабарлайды баспасөз қызметі. Бесінші ғарышкер, американдық саяхатшы Чарльз Симони сауалдарға орыс тілінде жауап берді. Бұл ғарышкерлердің білуі тиіс тіл. "Соған қоса, ол ресейлік ғарышкерлерге толық сенетінін және бірлесіп ұшуға дайын екенін мәлімдеді",-деп хабарлайды ғарыш орталығының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, жаттығу соңынан экипаж мүшелері өздері ұшатын Гагариннің ұшу алаңында болып қайтты, одан кейін ғарыш айлағының тарихи мұражайын тамашалады.

Айта кетейік, Халықаралық ғарыш станциясына баратын 15 басты экспедицияның экипажы мен "Союз ТМА-10" кемесін алып ұшатын "Союз-ФГ" зымыран тасығышының ұшырылуы 7 сәуір күні Астана уақыты бойынша сағат 21.31 белгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны