29.09.2006, 11:34 2829

Халықаралық ғарыш станциясына барған 13-ші экспедициясының мүшелерін алған "Союздың" аппараты Қазақстан жеріне қонды

МИСКЕУ. 29-қыркүйек. Kazakhstan Today. "Союз ТМА-8" ғарыш кемесінің жерге түсірілетін аппараты Қазақстанның Арқалық қаласының маңында жерге қонды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ресейдің "Новости" агенттігіне сілтеме жасап.

Аппарат бортында құрамында ресей ғарышкері Павел Виноградов, АҚШ астронавты Джеффри Уильямс, сондай-ақ 2006 жылғы қыркүйектің 20-сында станцияға он төртінші экспедицияның экипажымен келген АҚШ-тың ғарыштық турисі Анюша Ансари жерге оралды.

Джеффри Уильямс пен Павел Виноградов Халықаралық ғарыш станциясына 2006 жылғы сәуірдің 1-інде "Союз ТМА-8" ғарыш кемесімен барған.

Жерге оралған ғарышкерлердің орнына американдық Майкл Лопес-Алегриа, ресейлік Михаил Тюрин мен неміс Томас Рейтер қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны