08.10.2009, 10:52 2608

Халықаралық ғарыш станциясына жол тартатын "Прогресс М-03М" жүк кораблі Байқоңырдан 15 қазанда ұшырылады - Роскосмос

Халықаралық ғарыш станциясына жол тартатын "Прогресс М-03М" жүк кораблі Байқоңырдан 15 қазанда ұшырылады - Роскосмос

Алматы. 8 қазан. Kazakhstan Today - Халықаралық ғарыш станциясына жол тартатын "Прогресс М-03М" жүк кораблі Байқоңырдан 15 қазанда ұшырылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Байқоңыр ғарыш айлағында "Прогресс М-03М" жүк кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары одан әрі жалғасуда.

Кеше №254 алаңның монтаж-сынақ корпусында Ресейдің ғарыш саласы кәсіпорындарының мамандары жүк кораблін көшпелі отсек - блок-диспенсерге орнатты, ол жүк кораблі мен зымыран тасығыштың үшінші сатысы арасындағы бөлік.

Жүк кораблі Байқоңырдан 15 қазанда ұшырылады.

"Прогресс М-03М" жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына 2600 килограмм түрлі жүктерді, соның ішінде отын, ауа, оттегі, су, азық-түлік өнімдері, ғылыми аппаратура, станцияның ресейлік және американдық сегменттері үшін қосымша жабдықтарды, сондай-ақ, ХҒС экипажына жіберілген сәлемдемелерді жеткізеді.

"Прогресс М-03М" - үшінші жаңа "сандық", төрт жүзінші сериялы корабль. Оның алдыңғы сериялы корабльдерден басты айырмашылығы сандық технологиялардың кеңінен қолданылуында : аналог жүйесінде жұмыс істейтін "Аргон-16" борттық есептеу жүйесінің орнына сандық ЦВМ-101 кешені орнатылған. "Аргон-16" жүйесінің салмағы 65 килограмм болса, жаңа машинаның салмағы одан шамамен 10 есе жеңіл. Сондай-ақ, аналог жүйесіндегі телеметриялық жүйе сандық жүйеге ауыстырылған. Қабылданған шаралар пайдалы салмақты ұлғайтуға, корабльдің көлемін арттыруға мүмкіндік берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны