21.04.2008, 09:40 1166

Іздеу құтқару қызметі есептелмеген ауданға түскен "Союз ТМА-11" ғарыш кемесінің ғарышкерлерін эвакуациялады

Іздеу құтқару қызметі есептелмеген ауданға түскен "Союз ТМА-11" ғарыш кемесінің ғарышкерлерін эвакуациялады

Байқоңыр. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Іздеу құтқару қызметі есептелмеген ауданға түскен "Союз ТМА-11" ғарыш кемесінің ғарышкерлерін эвакуациялады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Іздеу құтқару қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, "Союз ТМА-11" қону аппараты баллистикалық "қону" траекториясымен жерге түскен және белгіленген қону аймағына дейін 420 шақырым жер жетпеген.

Бұл ретте ғарышкерлерге қатты күш түскен. Дегенмен Юрий Маленченко, Пегги Уитсон мен Сойон Йидің жағдайлары қанағаттанарлық.

Бұл "Союз ТМА" қону аппаратының осымен екінші рет болып отырған қатты қонуы болып табылады. Алғашқысы 2003 жылы болған. 2007 жылдың қазанында ішінде Ресей ғарышкерлері Федор Юрчихин, Олег Котов және ұшуға қатысушы Шейх Мұзафар (Малайзия) бар "Союз ТМА-9" ғарыш кемесі баллистикалық траекториямен қонып, белгіленген жерден 420 шақырым ауытқыған болатын. Аталмыш оқиға бойынша Роскосмос тергеу жүргізіп, штаттан тыс жағдайдың себептері анықталған еді. "Союз ТМА-11" ғарыш кемесінің қатты қону себептерін кейінірек арнайы комиссия анықтайтын болады.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ұзақ уақытқа белгіленген 14-ші экспедицияның экипаж мүшелері 2007 жылдың 10 қазанында ғарышқа аттанып, Халықаралық ғарыш станциясында (ХҒС) 6 айдан астам уақыт бойы жұмыс істеді. Бұл ретте АҚШ астронавты Пегги Уитсон АҚШ астронавтары арасында ғарышта жалпы болған уақыты (377 тәулік) бойынша рекорд жаңартты.

Корея космонавты Сойон Йи ХҒС-на 8 сәуірде аттанған. Ғарышта болған 10 тәулікте ол 18 ғылыми тәжірибе мен зерттеулер жүргізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны