04.07.2013, 17:01 40295

Қарағандыда полипропилен құбырларын шығару желісі іске қосылды

"ҚазПласт" ЖШС Қарағандыда гофрленген полипропилен құбырларын шығаруға арналған линияны іске қосты.

Қарағанды. 4-шілде. Kazakhstan Today - Қарағандыда полипропилен құбырларын шығару желісі іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"ҚазПласт" ЖШС Қарағандыда гофрленген полипропилен құбырларын шығаруға арналған линияны іске қосты.

Өндірістің ашылуы рәсіміне Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Ибдешев қатысты.

"Бүгінгі күнге дейін кәсіпорын тек ірі көлемдегі полиэтилен бұйымдарын шығаратын. Енді өндіріс кеңейіп отыр, кәсіпорын гофрленген полипропилен құбырларын шығармақ", деді облыс әкімі.

Жобаның құны 1,5 млрд теңге.

Жобалық қуаттылығы - жылына 5,2 мың тонна өнім. Линия Unicor, Krauss Maffei, IPM, LRS Planung & Technologie және басқа компаниялардың құралдарымен жарақтандырылған.

Өндіріс құрылысы өткен жылы басталған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны