17.04.2017, 18:16 218107

ҚарМУ ғылыми журналы Web of Science әлемдік мәліметтер базасына енгізілді

"Қарағанды мемлекеттік университеті хабаршысы". "Химия" сериясы" 2017 жылдыӊ сәуірінде "Томсон Рейтер" солтүстік америкалық компания ұсынған еӊ танымал Web of Science (WoS) әлемдік деректер базасына енген бірінші қазақстандық журнал.

Қарағанды. 17 сәуір. Kazakhstan Today - "Қарағанды мемлекеттік университеті хабаршысы". "Химия" сериясы" 2017 жылдыӊ сәуірінде "Томсон Рейтер" солтүстік америкалық компания ұсынған еӊ танымал Web of Science (WoS) әлемдік деректер базасына енген бірінші қазақстандық журнал.

Web of Science тұғырнамасы - 1950 жылдыӊ соӊынан бері жұмыс жасап келе жатқан еӊ беделді көп тақырыпты және ғылыми-метрикалық база. Оған компанияныӊ қатаӊ критерийлері негізінде іріктелген, негізінен қазіргі заманғы ғылымныӊ сипатын анықтайтын шамамен 12 500 жоғары рейтингті әлемдік деӊгейдегі ғылыми журналдар кіреді.

"Томсон Рейтер" пен Қарағанды мемлекеттік университеті арасында келіссөз орнағанына бес жылдан асты. 2012 жылы университет WoS базасына қосылуға өтініш білдірді. Компанияныӊ қатаӊ талаптарын қанағаттандыру мақсатында көп жұмыс жасалды: танымал отандық және шетелдік ғалымдардыӊ қатарынан журналдыӊ халықаралық редакциялық алқасы құрылды, жарияланатын материалдардыӊ техникалық параметрлері жақсарды, материалдыӊ сапасына қойылатын талаптар өсті. Талап етілетін процедуралар мен ғылыми журналдыӊ дәлелділігін растағаннан кейін "Қарағанды мемлекеттік университеті хабаршысы" 2017 жылдыӊ сәуірінде Томсон Рейтер - Core Collection негізгі деректер базасына енгізілген болатын, бұл біздіӊ ғалымдарымыздыӊ әлемдік ғылымды тану және интеграция жолындағы маӊызды жетістігі болып табылады. Аталмыш электрондық тұғырнама ғалымдардыӊ еӊ өзекті ғылыми ақпараттарды алуына және өз жұмыстарына пайдалануына, кеӊ ауқымды ғылыми бағыттар бойынша жүз мыӊдаған ғылыми басылымдар мен мақалаларды қадағалауына мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, ресурс жеке басылымдар ретінде, сондай-ақ, бүкіл ғылыми ұйымдар мен ғылыми бағыттардыӊ ғылыми құндылығын анықтауға мүмкіндік береді. Илемдік дәйексөз алу базасына бірінші қазақстандық ғылыми журнал "Қарағанды мемлекеттік университеті хабаршысы. "Химия" сериясын" тарату отандық ғылымды дамытудыӊ жаӊа маӊызды кезеӊі, біздіӊ ғылыми мектептеріміздіӊ ғылыми жетістіктерініӊ мойындалуы болып саналады. Яғни, енді Қазақстан ғылымы "Томсон Рейтер"-те шетелдік журналдардағы жекелеген жарияланымдар ретінде ғана емес, өз ғылыми тұжырымдамалары бар өзіндік толыққанды ғылыми басылым ретінде ұсынылады. Ирине, бұл журналды шығаратын ғылыми ұйым - ҚарМУ-дыӊ академиялық беделі мен абыройын айтарлықтай арттырады, жұмыс және ғылыми ынтымақтастық бойынша зор жаӊаша мүмкіндіктерге жол ашады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны