10.09.2007, 15:16 2571

Қазақстан Байқоңырдан "Протон" түрлерін ұшыруға уақытша тыйым салды

Қазақстан Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон" түрлерін ұшыруға уақытша тыйым салды, деп хабарлады вице-премьер Өмірзак Шүкеев. Ө. Шүкеевтің айтуынша, бүгін осы жөніндегі бұйрыққа республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов қол қоюға тиіс. "6-шы қыркүйекте құлаған "Протон-М" зымыран-тасығышының апатына қатысты барлық жайттар айқындалғанша және апаттың себептерін анықтау мен оның зардаптартын бағалау жөніндегі үкіметтік комиссияның қорытындысы шығарылғанға дейін...

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 10 қыркүйек. АСТАНА. Қазақстан Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон" түрлерін ұшыруға уақытша тыйым салды, деп хабарлады вице-премьер Өмірзак Шүкеев.

Ө. Шүкеевтің айтуынша, бүгін осы жөніндегі бұйрыққа республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов қол қоюға тиіс.

"6-шы қыркүйекте құлаған "Протон-М" зымыран-тасығышының апатына қатысты барлық жайттар айқындалғанша және апаттың себептерін анықтау мен оның зардаптартын бағалау жөніндегі үкіметтік комиссияның қорытындысы шығарылғанға дейін, сондай-ақ, Ресей жағы бірлескен хаттамаға қол қойғанға дейін "Протон" зымыран тасығышының барлық түрлерін ұшыруға тыйым салынады", - деді Ө. Шүкеев үкіметте өткен селекторлық жиында құжаттың жобасын таныстыру барысында.

У. Шүкеевтің айтуынша, бұйрықта сондай-ақ Қазақстан мемлекет басшысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шаралар қолдану қажеттігі атап көрсетіледі. "Қазақстан Республикасы мен ресей Федерациясының ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының құрамына енетін Байқоңыр кешені жөніндегі кіші комиссияның ұсыныстары шыққанға дейін және сол бойынша нормативтік-құқықтық актілер қабылданғанға дейін мемлекет басшысының өңірлерге сапары барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған уақытша шараларды қабылдау қажет", - деді вице-премьер.

Осыған байланысты Ө. Шүкеевтің хабарлауынша, Ұлттық ғарыштық агенттікке президент әкімшілігін, Қауіпсіздік кеңесі мен ҚР ҰҚК-ін Байқоңырдан жүзеге асырылатын ғарыштық ұшырылымдар туралы Ресей жағынан ақпарат ала сала хабарландыру тапсырылды. "Байқоңырдан зымыран тасығыш ұшырылатын мерзім мен мемлекет басшысы ғарыштық аппараттың ұшу жолы аумақтары арқылы өтетін ел өңірлерін аралайтын мерзім сәйкес келген жағдайда ұшырылымға тыйым салу қажет", - деді Ө. Шүкеев.

Сонымен бірге бұйрықта ағымдағы жылдың қазан айының 8 мен 12 аралығында Ресей жағымен бірлесе отырып Байқоңыр кешені бойынша кіші комиссияның кезектен тыс отырысын өткізіп, Байқоңыр ғарыш айлағынан жүзеге асырылатын ұшырылымдар кезінде ел президентінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды дәйектеу туралы ҚР СІМ-іне берілген тапсырма да бар.

Ө.Шүкеевтің түсініктемесіне сәйкес, қазіргі таңда "ұшырылым жөніндегі мәмілелердің тәртіптері жеткілікті деңгейде дәйектелмеген болып шықты". "Бұл оқиға негізінен мынадай тәртіппен жүзеге асырылады екен: Ресей жағы тоқсанына бір мәрте ұшырылатын зымырандардың саны туралы ақпарат береді, бұдан кейін ұшырылымға 10 күн қалғанда олар ұшырылымның дәл қай күні жүзеге асырылатындығын хабарлайды", -деді ол.

"Мұндай жайтпен біз мүлдем келісе алмаймыз, оның үстіне президент жүрген жерден 40 шақырым жерде зымыран құлаған соңғы өзгеше оқиғадан кейін келісу тіптен мүмкін емес", - деді вице-премьер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны