06.09.2007, 14:13 1510

Қазақстан Байқоңырдан "Протон" зымыран тасығыштарының ұшырылуына тыйым салды

Қазақстан Байқоңырдан "Протон" зымыран тасығыштарының ұшырылуына тыйым салды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 6 қыркүйек. АСТАНА. Қазақстан Байқоңырдан "Протон" үлгісіндегі зымыран тасығыштарының ұшырылуына тыйым салды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық аэроғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлімдеді.

"Қазақстанның Ұлттық ғарыштық агенттігі мен Ресей Федерациясының Федералдық аэроғарыш агенттігінің бірлескен шешімімен мәселенің мән жайы толық анықталып, комиссияның жұмысы аяқталғанға дейін "Протон" үлгісіндегі зымыран тасығыштар мен оның барлық модификацияларын ұшыруға тыйым сала тұру жөнінде шешім қабылданды",- деп мәлімдеді Т.Мұсабаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны