16.01.2008, 15:53 1498

Қазақстан мемлекеттік бағдарлама аясында ғарыштық-зымыран қызметі үшін экспресс-талдау жүргізетін жылжымалы зертханаларды сатып алады

Қазақстан мемлекеттік бағдарлама аясында ғарыштық-зымыран қызметі үшін экспресс-талдау жүргізетін жылжымалы зертханаларды сатып алады

Астана. 16 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан арнаулы мемлекеттік бағдарлама аясында ғарыштық-зымыран қызметі үшін экспресс-талдау жүргізетін жылжымалы зертханаларды сатып алады. Бұл туралы бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петров мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

"Қазақстан Республикасында отандық өндірістен шыққан талдамалық жылжымалы зертхана жоқ. Қазақстандағы тиісті кәсіпорындар мен ұйымдарды жылжымалы зертханамен арнайы жобасы жасалған ғарыштық қызметті дамыту жөніндегі 2008-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында жабдықтау жоспарланған", - деді В. Петров.

Оның айтуынша, Ресей Федерациясында жылжымалы зертханаларды сериялы шығару жолға қойылған, алайда, "Ресейде шығарылатын зертханалар ғарыштық-зымырандық іс-қызметке экологиялық мониторинг жүргізу жөніндегі жылжымалы арнаулы зертханаға қойылатын талаптарға сай келмейді".

В. Петров сонымен қатар қазіргі таңда "улы компоненттерге талдау жасаумен шұғылданатын мемлекеттік кәсіпорынның оқиға орнында тест-бақылауы мен экспресс-талдау жүргізуге арналған арнаулы жылжымалы зертхананың құрамына қатысты ұсыныстарды дайындағанын" хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны