06.10.2009, 17:07 3668

Қазақстан мен Франция екі ғарыштық жер серігін бірлесе жасайды - Мұсабаев

Қазақстан мен Франция екі ғарыштық жер серігін бірлесе жасайды - Мұсабаев

Астана. 6 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Франция екі ғарыштық жер серігін бірлесе жасайды. Бұл туралы бүгін қазақ- француз бизнес-форумы барысында журналистерге берген сұхбатында ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз бүгін Франциямен бірлесе отырып Жерге қашықтан зонд жүргізуге мүмкіндік беретін жоғары деңгейлі екі жер серігінен тұратын ғарыштық жүйе құру жөніндегі келісімге қол қойдық", - деді Т. Мұсабаев.

Оның айтуынша, "бұл Қазақстанның ғарыш саласындағы жаңаша серпін болмақ. Бұндай жүйе ТМД елдерінің біреуінде де жоқ. Біз - алғашқысы боламыз", - деді Қазғарыш басшысы.

Оның айтуынша, бұл жер серіктерін "Қазақстан Ғарыш Сапары" компаниясы француз компаниясымен бірлесе жасайтын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны