11.08.2006, 18:32 2762

Қазақстан мен Ресей арасындағы ғарыштық қызмет саласындағы ынтымақтастық деңгейі бірнеше жылдан кейін Еуропамен арадағы деңгейден де артады - "Роскосмос" басшысы

АСТАНА. 11-тамыз. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Ресей арасындағы ғарыштық қызмет саласындағы ынтымақтастық деңгейі бірнеше жылдан кейін Еуропамен арадағы деңгейден де артады. Бұл туралы "Роскосмос" Федералдық ғарыштық агенттігінің төрағасы Анатолий Перминов бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

А.Перминовтың айтуынша, бүгін үкіметте өткен кеңесте Қазақстанның ғарыштық бағдарламасына қамтылған барлық негізгі жобалар қаралды. "Ғарыш саласындағы бірлескен жобалар жүзеге асырылған жағдайда таяу уақыттарда, тіпті алдағы 2-3 жылда Қазақстан дүниежүзіндегі ең бір қуатты державаға айналады",- деді ол. "Біз бағдарламалардың басым бөлігі Ресей Федерациясының көмегімен, Ресейдің Федералдық ғарыш агенттігімен ықпалдастықтың негізінде жүзеге асырылып жатқаны үшін ризашылығымызды білдіреміз. Қазақстан мен Ресей арасындағы ғарыштық қызмет саласындағы ынтымақтастық деңгейі бірнеше жылдан кейін Еуропа мен Ресей арасындағы деңгейден де артады",- деді А.Перминов.

Өз кезегінде ҚР білім және ғылым министрі Бірғаным Ийтімова, "Қазақстанда ғарыш қызметін дамытуда Ресей айрықша маңызды әріптес болып келді және солай болып қала береді", деді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны