10.05.2007, 19:14 2773

Қазақстан мен Ресей үшін Байқоңыр ғарыш айлағын одан әрі бірлесе пайдалану тиімді - РФ басшысы

АСТАНА. 10 - мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Ресей үшін Байқоңыр ғарыш айлағын одан әрі бірлесе пайдалану тиімдірек. Мұндай пікірін бүгін Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздер жүргізгеннен кейінгі баспасөз мәслихатында Ресей Федерациясының мемлекет басшысы Владимир Путин мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Байқоңыр - Кеңес Одағының мүлкін бөлуде Қазақстанға бұйырған үлкен байлық екендігі баршаға мәлім деп ойлаймын",- деп атап өтті Ресей мемлекет басшысы. В. Путин "тіптен Қазақстан сияқты бай елдің өзі осыңдай кешенді жалғыз жандандыра алмайтынын" атап өтті. "Оны жоғалтып алмау үшін, оны бірлесе отырып пайдалану қажет, бұл кез-келген маманға мәлім",- деп атап көрсетті В. Путин. "Ал Байқоңырдағы әлеуметтік мәселелерге тоқталатын болсақ, менің пайымдауымша, біз ақылдаса отырып кез-келген проблеманы шеше аламыз",- деп сендірді Ресейдің президенті.

Қазақстан Республикасының президенті өз кезегінде, Байқоңырдың Ресей жағында жалға беріліп отырғандығын және Байқоңыр қаласының тұрғындарының басым бөлігін қамтитін Қазақстан азаматтары үшін шешімін табуды қажет ететін құқықтық мәселелер бар" екендігін атап өтті. "Атап айтқанда, бұл медициналық қызмет көрсету, білім беру, діни сұранысты қанағаттандыру мәселелері",- деп атап көрсетті Н. Назарбаев. Сонымен қатар, ол аталған "мәселелердің барлығы бірлескен іс-шаралардың 2007-2008 жылдарға арналған жоспарына енгізілді және біз оларды екіжақты негізде келісе отырып шешеміз деп ойлаймын",- деп қосты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны