07.09.2007, 14:21 2793

Қазақстан президенттің өңірлерге жасайтын сапарларының мерзімі мен ғарыштық зымырандар ұшырылатын күнді келісе жоспарлайтын болады

Қазақстан президенттің өңірлерге жасайтын сапарларының мерзімі мен Байқоңырдан ғарыштық зымырандар ұшырылатын күнді келісе жоспарлайтын болады.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 7 қыркүйек. АСТАНА. Қазақстан президенттің өңірлерге жасайтын сапарларының мерзімі мен Байқоңырдан ғарыштық зымырандар ұшырылатын күнді келісе жоспарлайтын болады.

"Егер президенттің сапары болатын жермен зымыран ұшырылатын болса, онда бізде оларды тоқтата алу құқығымыз болуға тиіс", - деді үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін өткен үкіметтің отырысында. "Іс жүзінде "Протонның" мемлекет басшысы сол сәтте сапармен жүрген Жезқазған қаласынан 80 шақырым жерде құлауына қалай жол беріп алдық? Ғарыш үшін 80 шақырым - 3 сантиметр екенін ескерсек, мұндай мүмкіндікке жалпы қалай жол беруге болады? ", - деді ол.

К. Мәсімов вице-премьер Өмірзақ Шүкеевке бұл мәселемен дәйекті айналысып, барлық іс-әрекетті президенттің күзес қызметімен және басқа да мекемелермен келісуді тапсырды.

Өз кезегінде бүгін өткен брифингте Ұлттық аэроғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевтың атап көрсеткеніндей, бұл проблеманы "шешуге толық мүмкіндік бар". "Біз Байқоңырдан зымыран тасығыш ұшырылардан 10 күн бұрын барлық мәліметтерді аламыз. Барлық мекемелер, соның ішінде ҰҚК, үкімет, президент әкімшілігі, ТЖМ мен басқа да мекемелерге мен өзім тікелей 10 күн бұрын жазбаша түрде хабар беремін және олардың бәрінде мұндай ақпарат болады", - деді Т. Мұсабаев. "Сөйтіп, президенттің жүрген жері мен осы сәтте ғарыштық ұшырылымның бағыты өтетін аймақтың дөп келуіне жол бермеу жөнінде шешім қабылдау тетіктерін жасауға мүмкіндік бар. Ол үшін тетіктерді нақты айқындау қажет. Бұған дейін мұндай іспен ешкім шұғылданбаған. Қазір осындай жұмыс күтіп тұр", - деді агенттік басшысы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны