24.10.2007, 16:05 2906

Қазақстан Протон үлгісіндегі зымыран тасығыштарды Байқоңырдан ұшыруға салынған тыйымды алды

Қазақстан Протон үлгісіндегі зымыран тасығыштарды Байқоңырдан ұшыруға салынған тыйымды алды.

Астана. 24 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Протон үлгісіндегі зымыран тасығыштарды Байқоңырдан ұшыруға салынған тыйымды алды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

"Республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Протон үлгісіндегі зымыран тасығыштарды Байқоңырдан ұшыруға салынған тыйымды алу жөніндегі қаулыға қол қойды", - деп хабарлады үкіметтің баспасөз хатшысы Айнагүл Шәкірова.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 6 қыркүйекте Қарағанды облысының аумағына Ресейдің Протон-М зымыран тасығышы құлаған соң Қазақстан осы тектес зымырандарды Байқоңырдан ұшыруға тыйым салған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны