01.03.2010, 14:50 27071

Қазақстан Ресейдің Байқоңырды пайдалануға қатысу дәрежесін шектеп отыр - Роскосмос

Қазақстан Ресейдің Байқоңырды пайдалануға қатысу дәрежесін шектеп отыр - Роскосмос

Алматы. 1 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан кейбір мәселелер бойынша Ресейдің Байқоңырды пайдалануға қатысу дәрежесін шектеп отыр. Бұл туралы Роскосмос басшысы Анатолий Перминов сенбі күні өткен алқа мәжілісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Space Daily сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасында ғарыш қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруға қатысты бірқатар көзқарастар айқындалған, олар Ресей Федерациясының атсалысу дәрежесі мен рөлін шектейді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдалану бойынша жекелеген мәселелерге қатысты ұстанымы Ресейдің ғарыштық қызметіне жататын міндеттерін атқаруды күрделілендіреді", - деп мәлімдеді А. Перминов.

"Байқоңыр" ғарыш айлағы кешені - ресейлік және халықаралық ғарыштық бағдарламаларды жүзеге асыратын халықаралық ғарыш айлағы. Кешен құрамына ғарыш айлағының аумағы мен қала кіреді.

Қазақстан мен Ресей 1994 жылы шартқа қол қойған, соған сәйкес, Ресей жыл сайын Қазақстанға жалға алу ақысын төлеу арқылы ғарыш айлағын пайдалануға тиіс. Жалға алу мерзімі 20 жыл деп белгіленген. 2004 жылы жалға алу мерзімі 2050 жылға дейін ұзартылды.

Ғарыш айлағын жалға алу құны жылына $115 млн құрайды. Сондай-ақ, жылына $170 млн көлеміндегі қаржы ғарыш айлағының инфрақұрылымын қолдау мен дамытуға, Байқоңыр қаласын дамытуға жұмсалады.

Қазір Байқоңырдан "Союз-ТМ" пилотты ғарыш корабльдері, "Прогресс-М" автоматты жүк корабльдері ұшырылады, орбиталық станция блоктары жер маңы орбитасына шығарылып, халықшаруашылығы мақсатындағы ғарыштық аппараттар геостационар орбитаға шығарылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны