14.11.2006, 14:10 2653

Қазақстанда 2015-жылға дейін ғарыштық қызметті дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама желтоқсанның аяғында үкіметке таныстырылады

АСТАНА. 14-қараша. Kazakhstan Today. Қазақстанда 2015-жылға дейін ғарыштық қызметті дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама желтоқсанның аяғында үкіметке таныстыралады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бүгін республика үкімет басшысы Даниал Ахметов Астанада өткен үкімет отырысында "ғарыштық қызметті дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама желтоқсанның аяғында үкіметке таныстырылуға тиіс", деп атап өтті.

"Бұл біз үшін аса маңызды құжат. Кейінгі бірнеше жылда біз Қазақстанда жаңа ғарыш саласын құрдық. Ең бастысы, біз ғарыштық даму жобаларына қажетті көлемде қаржы бөлдік",- деді үкімет басшысы.

Д.Ахметовтың айтуынша, екі жылдан кейін Қазақстанда жеті жер серігі болады. "Біз "KazSat" жер серігін ұшырдық. Екі жылдан кейін Қазақстанда Жерге қашықтан зонд жүргізетін екі жер серігі болады. "KazSat-2" деген тағы бір жер серігіміз пайда болады. Сонымен бірге біз "Глонасс" жобасына біріктік. Ол елімізге тағы да үш жер серігін иемденуге мүмкіндік береді",- деді премьер-министр.

"2008-2009-жылдары жер серігі жүйелерін пайдалану тұрғысынан Қазақстанның әлеуеті Франциямен теңеседі. Қазіргі жағдаймен ғарыш кеңістігінде Францияның алты жер серігі бар",- деді Д.Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны