22.09.2009, 16:53 7006

Қазақстанда ғарыш саласында жұмыс істейтін жоғары кәсіби білікті мамандар дайындалады - "Қазғарыш"

Қазақстанда ғарыш саласында жұмыс істейтін жоғары кәсіби білікті мамандар дайындалады - "Қазғарыш"

Астана. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда "Бәйтерек" жобасының аясында ғарыш саласында жұмыс істейтін жоғары кәсіби білікті мамандар дайындалады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Республикасының "Қазғарыш" Ұлттық ғарыш агенттігінің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ""Бәйтерек" жобасы Қазақстанға барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келетін заманауи ғарыштық зымыран кешенін пайдалану тәжірибесін жинақтауға, жаңа жұмыс орындарын құруға және ғарыш саласында жұмыс істейтін ұлттық кәсіби білікті мамандарды дайындауға мүмкіндік береді".

"Қазғарыш" ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, "аталған жобаны жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстан Ресей мамандарымен бірлесе отырып, ғарыштық аппараттарды орбитаға шығу мүмкіндігіне ие мемлекеттердің біріне айналады".

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "қазіргі жағдаймен Байқоңыр ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенін құру жобасы бас жоспар-кестеге сәйкес жүргізілуде және қазір техникалық жобаны жасау сатысында жүр".

Еске сала кетейік, Қазақстан мен Ресей "Ангара" зымыран тасығышын пайдалана отырып, "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенін құру туралы келісімге" 2004 жылдың 22 желтоқсанында қол қойған. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл Қазақстан мен Ресей арасындағы ең ауқымды халықаралық ғарыштық жоба болып табылады.

Аталған ғарыштық зымыран кешені Ресейдің "Ангара" зымыран тасығышын, немесе оның келешек модификацияларын пайдалана отырып, ғарыштық аппараттарды ұшыруға арналған. "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенінің құрамына Байқоңыр ғарыш айлағының құрылғылары мен коммуникациялары, техникалық құралдарының базасында құрылатын ұшырылымдық және техникалық позициялар енеді.

Зымыран жасау саалсындағы озық технологияларды пайдалану экологиялық қауіпсіздік деңгейін көтеруге және амил және гептил секілді улылығы аса жоғары зымыран отыны компоненттерін пайдаланып Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылатын зымыран тасығыштар ұшырылымының экологияға зиянды әсерін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Сөйтіп, бұл кешенді пайдалануға беру және жаңа үлгідегі зымыран тасығыштың сынақтарының қажетті циклін толық жүзеге асыру нәтижесінде улы зымыран отынымен жұмыс істейтін "Протон" зымыран тасығыштарының ұшырылымдарын біржола тоқтатуға мүмкіндік туады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны