22.09.2009, 15:09 3387

Қазақстанда ғарыштық аппараттарды жасау және сынақтан өткізу жөніндегі ТМД бойынша бірінші жоғары технологиялық кәсіпорын құрылады - "Қазғарыш"

Қазақстанда ғарыштық аппараттарды жасау және сынақтан өткізу жөніндегі ТМД бойынша бірінші жоғары технологиялық кәсіпорын құрылады - "Қазғарыш"

Астана. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда ғарыштық аппараттарды жобалау, жасау, құрастыру және сынақтан өткізу жөніндегі ТМД бойынша бірінші жоғары технологиялық кәсіпорын құрылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Республикасының "Қазғарыш" Ұлттық ғарыш агенттігінің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Қазақстанда ғарыштық аппараттарды жобалау, жасау, құрастыру және сынақтан өткізу жөніндегі ТМД бойынша бірінші жоғары технологиялық кәсіпорын құрылады. Кәсіпорын отандық ғарыштық техниканы жасауға берілген тапсырыстарды және халықралық тапсырыстарды орындауға бағытталады. Кәсіпорын ақшалай 66%-ға Қазақстан бюджетінің қаржысымен, 34% - сыртқа тапсырыстардың есебінен қаржыланады деп күтілуде".

"Қазғарыш" баспасөз қызметінің хабарлуынша, бірінші кезектегі жобаларға мақсатты ғарыштық жүйелерді, ғарыштық жүйелерді өндіру құралдарын, ғарыштық аппараттарды ғарышқа шығару және ғарыштық аппараттарды басқару құралдарын жасау мақсатын шешуге бағытталған жобаларға ғарыштық аппараттарды құрастыру және сынақтан өткізу кешенін жасау, Қазақстан Республикасының Жерге қашықтан зонд жүргізуге бағытталған ғарыштық жүйесін құру жобалары жатады".

"Аталған жобалар стратегиялық серіктеспен бірлесе жүзеге асырылады деп күтілуде. "Қазғарыш" Ұлттық ғарыш агенттігінің ұсынысымен стратегиялық серіктес ретінде Францияның EADS Astrium компаниясы таңдалған.

Бүгінгі жағдаймен "Қазғарыш" Ұлттық ғарыш агенттігі стратегиялық серіктеспен Қазақстан Республикасының Жерге қашықтан зонд жүргізуге бағытталған ғарыштық жүйесін құру жөніндегі келісім -шартының жобасы жасалып, келісілген және өнімділік параметрлері нақтыланған. Сондай-ақ, Ғарыштық аппараттарды құрастыру және сынақтан өткізу кешенін жасаудың техникалық ерекшеліктерінің басты параметрлері, жабдықтар мен учаскелердің жоспарларының техникалық сипаттамалары келісілген", - делінген хабарламада.

"Стратегиялық серіктес Ғарыштық аппараттарды құрастыру және сынақтан өткізу кешені үшін 5 жылда 60 млн евро көлемінде сыртқы тапсырыстарды тартуға міндеттеме жүктейді (2012 -2016 жылдар) және одан әрі қосымша тапсырыстарды тартуға септігін тигізеді", - деп хабарлайды агенттік.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Қазақстан Республикасының Жерге қашықтан зонд жүргізуге бағытталған ғарыштық жүйесін құру нәтижесінде Қазақстан ТМД елдерінен бірінші болып экономиканың түрлі салаларының, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс жүйесінің мүддесіне орай Жерге қашықтан зонд жүргізудің жоғары дәлдіктегі мәліметтерін қабылдап алу, өңдеу және тарату технологияларына иелік ететін болады".

ҚР "Қазғарыш" Ұлттық ғарыш агенттігі президенттің тапсырмасына сәйкес Астанада Ғарыштық аппараттарды құрастыру және сынақтан өткізу кешенін орналастыру мәселесін дәйектеді. Ол ипподром маңындағы Тұран даңғылының бойында салынатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны