03.06.2013, 14:49 53900

Қазақстанда құрастырылған Peugeot минималды құны 16 мың долларды құрайды

"АгромашХолдинг" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Андрей Лаврентьев мәлімдеуінше, біз корей автомобильдерінің тікелей қарсыластарымыз. Бұл модельдеріміздің құны толығымен корей автомобильдеріне жақындатылғанын, ал кейбір модельдерде тіпті арзан екенін көрсетеді. Яғни модельдер 16 мың доллардан басталады. Peugeot 301 қатысты айтатын болсақ, B класындағы седан. Оның тікелей бәсекелестері Hyundai Accent, KIA Rio болып табылады.

Астана. 3-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда шығарылатын PSA Peugeot Сitroen бренді автомобильдерінің бағалары 16 мың доллардан басталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"АгромашХолдинг" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Андрей Лаврентьев мәлімдеуінше, біз корей автомобильдерінің тікелей қарсыластарымыз. Бұл модельдеріміздің құны толығымен корей автомобильдеріне жақындатылғанын, ал кейбір модельдерде тіпті арзан екенін көрсетеді. Яғни модельдер 16 мың доллардан басталады. Peugeot 301 қатысты айтатын болсақ, B класындағы седан. Оның тікелей бәсекелестері Hyundai Accent, KIA Rio болып табылады.

Сонымен қатар, ол ағымдағы жылдың күзінде автомобильдер саудаға AllurAuto дистрибьюторлық желісі арқылы түсетінін атап өтті. Жұмысты бірден төрт қалада бір күнде бастаймыз, бұл өте маңызды. Автомобильдер Алматыда, Астанада, Қарағандыда және Қостанайда пайда болады", - деп толықтырды ол.

Естеріңізге сала кетейік, Бүгін Астанада Peugeot маркасының автомобильдерін Қазақстанда іске қосуға қатысты PSA Peugeot Сitroen, "АгромашХолдинг"АҚ және ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Автомобильдерді құрастыру Қостанай қаласында "АгромашХолдинг" өнеркәсіптік алаңдарында жүргізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны