22.05.2013, 18:23 57512

Қазақстанда өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін 3D-технологияларды дамыту бойынша кешендік орталық құрылған

Қазақстанда технологиялық парктердің конструкторлық бюросы базасында өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін 3D-технологияларды дамыту бойынша кешендік орталық құру жоспарланған, деп хабарлады бүгін Премьер-Министрдің орынбасары - ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің XXVI пленарлық отырысында.

Астана. 22-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанда өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін 3D-технологияларды дамыту бойынша кешендік орталық құрылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда технологиялық парктердің конструкторлық бюросы базасында өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін 3D-технологияларды дамыту бойынша кешендік орталық құру жоспарланған, деп хабарлады бүгін Премьер-Министрдің орынбасары - ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің XXVI пленарлық отырысында.

"3D технологияларды дамыту бойынша технологиялық парктердің конструкторлық базасында әлемдік көшбасшылармен, инновациялық шеберханалармен бірге өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін кешендік орталық құру жоспарланған", - деді И.Исекешев.

Сонымен қатар, ол білім беру мекемелерінде осындай орталықтар құру да маңызды екенін атап өтті.

"2015 жылдың соңына дейін оқу мекемелері базасында әр өңірде 5-тен кем емес осындай орталық, Астана мен Алматыда - 10-нан кем емес орталық құруды ұсындық", - деді Индустрия министрлігінің басшысы.

Айта кету керек, инновациялық орталықтар Назарбаев университетте жұмыс істеп жатыр.

ИЖТМ басшысы жоба 2014 жылдың соңына дейін жүзеге асыратынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Н.И.Назарбаевтың төрағалығымен ҚР Президентінің жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 26-шы пленарлық отырысы өтіп жатыр, оның басты тақырыбы "2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының инновациялық-технологиялық дамуы".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны