04.06.2013, 15:41 54029

Қазақстандық химия өнеркәсібін дамыту үшін КО-тан серіктестерді тарту қажет

"Меніңше, мұнай-химия және химия саласы Ресей мен Беларусьте жақсы дамыған, сондықтан зерттеу және кадрлар даярлаудан бастап нақты инвесторлармен жобаларды жүзеге асыруға серіктестерді тарту қажет. Бұл "Самұрық-Қазына" қорына тапсырылуы тиіс тағы бір бағыт. Мұнда алға жылдам жылжуымыз керек, себебі химия өнерксібі КО бойынша біздің серіктес-елдердің тез өркендейтін салаларының бірі", - деді вице- премьер.

Астана. 4-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстандық химия өнеркәсібін дамыту үшін КО-тан серіктестерді тарту қажет, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Қайрат Келімбетов ҚР Үкіметі отырысында мәлім етті.

"Меніңше, мұнай-химия және химия саласы Ресей мен Беларусьте жақсы дамыған, сондықтан зерттеу және кадрлар даярлаудан бастап нақты инвесторлармен жобаларды жүзеге асыруға серіктестерді тарту қажет. Бұл "Самұрық-Қазына" қорына тапсырылуы тиіс тағы бір бағыт. Мұнда алға жылдам жылжуымыз керек, себебі химия өнерксібі КО бойынша біздің серіктес-елдердің тез өркендейтін салаларының бірі", - деді вице- премьер.

Сонымен қатар, ол салаға ірі инвесторларды тартуға баса назар аудару керектігін айтты.

"Менің ойымша, негізгі қатерлерді әлемдік инвесторлар мен ірі технологиялық компаниялар алуы керек, олар бір жағынан жаңа технологиялар енгізсе, екінші жағынан негізгі маркетинг-мейкерлер болып табылады. Меніңше, бақылау пакеттерін, кен орындары мен кәсіпорындарды батыл түрде беруге болады. Мұнан біз тек қана ұтамыз", - деп атап өтті Қайрат Келімбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны