16.01.2007, 18:12 2919

Қазақстанның жер серіктерінің ұшуларын басқару жөніндегі резервтегі орталығы орналасатын жер 2007-жылдың ақпан-наурыз айларында айқындалады

АСТАНА. 16-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстанның жер серіктерінің ұшуларын басқару жөніндегі резервтегі орталығы орналасатын жер 2007-жыллың ақпан-наурыз ауларында айқындалады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ-ның вице-президенті Ғабдуллатиф Мырзақұлов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қажет жағдайда резервте болатын орталықтың орналасатын жеріне қатысты бірнеше ұсыныс бар, ол ресейлік мамандардың қатысуымен ақпан-наурыз айларында анықталады",- деді Ғ. Мырзақұлов.

Оның айтуынша, қазір Алматы облысы, Павлодар облысындағы Мойылды ауылы мен Зайсан өзенінің маңы қарастырылуда.

"Ендік және бойлық өлшемдерін ескеру негізінде біз Алматыда, Қапшағай көлінің маңында орналасатын шығармыз",- деді АҚ вице-президенті.

Оның айтуынша, "КазСат" жер серігін сенімді басқаруды қамтамасыз ету үшін резервтегі орталық ролін қазір Ресейдің Сколковский орталығы атқаруда. "Онда қазақстандық мамандар тобы тұрақты жұмыс істеуде". "Осы орталықтың бізге резерв ретінде қызмет еткені үшін біз жылына 2 млн. доллардан астам қаржы төлеп отырмыз", деді ол.

Ғ. Мырзақұловтың хабарлауынша, Қазақстанның жер серіктерінің ұшуларын басқару жөніндегі резервтегі орталығын салу мәселесі 2008-2010-жылдары шешілуге тиіс. Бірақ, "принциптік шешім биыл қабылданып, құжаттардың жобасын жасау жұмыстары биыл жүзеге асырылады".

"Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ-ның вице-президентінің айтуынша, "резерв ролін өз еліміз атқара алатындығына толық көз жеткенге дейін" "КазСат" жер серігін басқарушы резерв болу жөніндегі Ресей Федерациясымен арадағы жыл сайынғы келісім-шартын Қазақстан ұзартып отырмақ ниетте.

Ғ. Мырзақұловтың айтуынша, ұшуарды басқару жөніндегі резервтегі орталық негізгі ұшуларды басқару орталығында қандайбір күтпеген оқиға пайда болған жағдайда пайдалану үшін қажет.

"Ұшуларға қатысты күн райы ахуалы, жел күші секілді факторлар түгел ескерілген. Бірақ соған қарамастан, қандайбір оқыс оқиға бола қалған күнде біз жер серігін басқару ісін резервтегі орталыққа қорқынышсыз көшіре салар едік",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны