13.09.2007, 14:02 2723

Қазақстан-Ресей штабы "Протонның" құлауынан келген шығын көлемін анықтауға кірісті

Қазақстан-Ресей штабы "Протонның" құлауынан келген шығын көлемін анықтауға кірісті.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 13 қыркүйек. АСТАНА. Біріккен Қазақстан-Ресей штабы "Протонның" құлауынан келген шығын көлемін анықтауға кірісті, деп хабарлады "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне штабтан.

Бейсенбіде таратылған баспасөз баянында көрсетілгендей, бүгін таңертең штаб апат болған аймақтан алынған су сынамаларының талдауына қатысты толық мәліметтерін зерделеді. Атап айтқанда, сынамалар 8-қыркүйекте Жезді және Кеңгір су тоғандарынан, Жезді өзенінен, Айнакөл көлінен, ЛМЗ саяжай аймағы маңындағы су тоғандарынан, сондай-ақ Мамахов, Аяшев қыстауларынан және Қошақов фермерлік шаруашалығынан алынған болатын. 9-13 қыркүйек аралығында оларды "ВПК НПО машиностроения (Россия)" ААҚ мен "Инфракос-Экос" мемлекеттік кәсіпорынының экологиялық мониторингтік зертханалары зерттеген болатын.

"Жүргізілген талдау нәтижесінде су сынамаларында гептилдің жоқ екендігі анықталып, сәйкес екіжақты хаттама рәсімделген болатын",- деп атап көрсетілген штаб таратқан баспасөз баянында.

Бүгін штаб келген шығынды анықтауға кірісті.

Біріккен Қазақстан-Ресей штабы Қазақстан республикасының үкіметі мен Ресей Федерациясының үкіметі арасындағы Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыран ұшыру барысында апат болған жағдайдағы өзара ықпалдастық ережесі туралы келісімге сәйкес құрылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны