01.02.2008, 16:32 2602

"Қазғарыш" басшысы үкіметтен "ҚазСат" жер серігін ғарыштық байланыс орталығының балансына беруді сұрады

"Қазғарыш" басшысы үкіметтен "ҚазСат" жер серігін ғарыштық байланыс орталығының балансына беруді сұрады

Астана. 1 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ұлттық ғарыш агенттігінің (Қазғарыш) төрағасы Талғат Мұсабаев бүгін өз мекемесінде өткен алқа мәжілісі барысында республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтан "ҚазСат" жер серігін "Республикалық ғарыштық байланыс және радиоэлектронды құралдардың электромагнитті үйлесімділігі орталығы" АҚ-ның балансына беруді сұрады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Стратегиялық маңызды нысан ретінде "ҚазСат" жер серігін "Ұлттық инновациялық қор" АҚ-ынан республикалық ғарыштық байланыс орталығының меншігіне беру жөнінде шешім қабылдау қажет", - деді Т. Мұсабаев.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2006 жылғы күзде бірқатар БАҚ-тарда Қазақстанның тұңғыш жер серігі "ҚазСаттың" жеке меншікке берілу мүмкіндігі жөнінде ақпарат пайда болды. 2006 жылдың 16 қарашасында "Ұлттық инновациялық қор" АҚ бұл хабарламаларды жоққа шығарды.

""ҚазСат" жер серігінің жеке меншікке өту мүмкіндігі жөніндегі қауіпке мүлдем негіз жоқ", -делінген Ұлттық инновациялық қордың баспасөз қызметі таратқан баспасөз баянында. Баспасөз қызметі 2006 жылдың 11 қазанында өткен үкіметтің отырысында үкімет басшысы Даниал Ахметовтың тиісті құрылымдардың басшыларына "хабар тарату және байланыс жөніндегі геостационар жер серігінің үздіксіз жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, оны иеліктен шығару және ""ҚазСат" АҚ акциялары мен мүлкін үкіметтің келісімінсіз үшінші жаққа уақытша пайдалануға беру мүмкіндігін жоюды тапсырған".

Сонымен бірге, Ұлттық инновациялық қордағылар " ҚазСат" жер серігін Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік комитетінің балансына беру қарастырылғанын айтады. "2006 жылдың 17 қазанында "ҚазСат"АҚ мен Хруничев атындағы унитарлық кәсіпорын арасында жер серігін өткеріп беру және қабылдап алу жөніндегі актіге қол қойылған. Сол күні үкіметтің 2005 жылдың 18 қазанындағы қаулысы мен Жер серігін пайдалану және иемдену құқықтарын беру жөніндегі келісім-шартының негізінде жер серігі жарғылық қоры 100 пайыз мемлекеттің қатысуымен құрылған "Республикалық ғарыштық байланыс және радиоэлектронды құралдардың электромагнитті үйлесімділігі орталығы" АҚ-ның иелігіне берілді", -делінген құжатта.

Баспасөз баянында "жер серігін жасау үшін республикалық бюджеттен бөлінген қаржының Ұлттық инновациялық қорға мақсатты трансферттер немесе бюджеттік субсидиялар түрінде бөлінбегеніне, ал бюджеттік бағдарламалармен қордың жарғылық қорын ұлғайтуға бағытталғанына" айрықша назар аударылған.

"Бұл өз кезегінде бюджет қаржысы "Ұлттық инновациялық қор" АҚ-ның жарғылық қорын құруға аударылған сәттен бастап мемлекеттің "Ұлттық инновациялық қор" АҚ акцияларын меншіктенушіге айналғанын, ал қор - акциялардың өтеміне аударылған қаржының иесіне айналғанын білдіреді", -деп түсіндіреді баспасөз қызметі. Бұл ретте құжатта уәкілетті органдар жүргізген тексерулердің "65 млн доллар көлеміндегі қаржыны пайдалануға қатысты заң бұзушылықтарды анықтамағаны" атап көрсетілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны