08.04.2009, 18:45 3181

"Қазғарыш" Халықаралық ғарыш станциясына 2009 жылы Қазақстанның ғарышкерін жіберуден бас тарту туралы шешімді әлі қабылдаған жоқ

"Қазғарыш" Халықаралық ғарыш станциясына 2009 жылы Қазақстанның ғарышкерін жіберуден бас тарту туралы шешімді әлі қабылдаған жоқ

Алматы. 8 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - "Қазғарыш" Ұлттық ғарыш агенттігінің бастығы Халықаралық ғарыш станциясына 2009 жылы Қазақстанның ғарышкерін жіберуден бас тарту туралы шешімді әлі қабылдаған жоқ. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне "Қазғарыш"Ұлттық ғарыш агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстандық ғарышкерді жіберу жөнінде түбегейлі шешім қабылданған жоқ. Біз Ресей жағы секілді жүз пайыздық сеніммен бұлайша мәлімдей алмаймыз", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ал Ресейдің ақпараттық агенттіктерінің хабарлауынша, бүгін "Роскосмос" басшысы Анатолий Перминов баспасөз мәслихаты барысында қаржылық қиындықтарға байланысты Қазақстандық ғарышкердің сапары ағымдағы жылы жүзеге асырылмайды деп мәлімдеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны