21.01.2009, 18:30 2784

Қазғарыш ҚР Сыртқы істер министрлігінен еліміздің жиілік-орбиталық ресурстарын халықаралық құқықтық тұрғыдан қорғау жұмысында қолдау көрсетуді сұрайды

Қазғарыш ҚР Сыртқы істер министрлігінен еліміздің жиілік-орбиталық ресурстарын халықаралық құқықтық тұрғыдан қорғау жұмысында қолдау көрсетуді сұрайды

Астана. 21 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның Ұлттық ғарыш агенттігі ҚР Сыртқы істер министрлігінен еліміздің жиілік-орбиталық ресурстарын халықаралық құқықтық тұрғыдан қорғау жұмысында қолдау көрсетуді сұрайды. Бұл туралы бүгін Ұлттық ғарыш агенттігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде мекеме басшысы Талғат Мұсабаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Еліміздің жиілік-орбиталық ресурстарын халықаралық құқықтық тұрғыдан қорғау жұмысында қолдау көрсетуді ҚР Сыртқы істер министрлігінен сұраймыз", - деді Т. Мұсабаев.

""Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ KazSat-1 жер серігінің істен шығуына байланысты Ақкөл қаласындағы жер үсті басқару кешенінің жабдықтарын ұстап отыру мәселесін шешуді талап етуде. KazSat-1 жер серігіне қатысты төтенше оқиға бойынша мемлекетаралық комиссияның отырысында Қазақстан жағының ұстанымын тек маманның жоғары кәсіби біліктілігінің арқасында ғана қорғап қалуға, біздің сақтандыру төлемдерін алу құқығымызды сақтауға мүмкіндік туғанын айта кету керек", - деді агенттік басшысы.

"Бұл мәселелерді шешу елімізде құрылып жатқан ғарыштық инфрақұрылымның тиімділігін көтеруге септігін тигізеді", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны