21.01.2009, 18:40 2906

Қазғарыш үкіметтен KazSat-2 жер серігін жасауға арналған қаржы көлемін ұлғайтуды сұрайды

Қазғарыш үкіметтен KazSat-2 жер серігін жасауға арналған қаржы көлемін ұлғайтуды сұрайды

Астана. 21 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазғарыш үкіметтен KazSat-2 жер серігін жасауға арналған қаржы көлемін ұлғайтуды сұрайды. Бұл туралы бүгін Ұлттық ғарыш агенттігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде мекеме басшысы Талғат Мұсабаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жер серігін ең озық жабдықтарды пайдалана отырып жасау ұсынылып отырғандықтан, қаржы көлемін де ұлғайту талап етіледі. Ол үшін үкіметтің арнаулы шешімі қажет", -деді Т. Мұсабаев үкімет басшысы Кәрім Мәсімовқа қаратып айтқан сөзінде.

Агенттік төрағасының журналистерге берген түсініктемесіне сәйкес, "KazSat-1 жер серігі істен шыққандықтан, ал KazSat-2 жер серігінің идеологиясы онымен бірдей болғандықтан, оларды жасау жөніндегі келісім-шартына 2006 жылы қол қойылғандықтан, біз "KazSat-1 жер серігін жасауда жіберілген қателікті қайталамау үшін KazSat-2 жер серігінің конструкциясын жақсартуға кірістік",- деді ол.

"Ресейде өндірілген көптеген аппаратураны осы тектес, бірақ батыста жасалған жоғары сапалысына ауыстыру қажет. Сол себепті, KazSat-2 жер серігін жасап жатқан ресейлік мамандардың пікірінше, оның құны артумен бірге ұзақ уақыт қажет", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны