12.10.2006, 17:28 3315

"Қазғарыш" ұлттық компаниясының жетекшісі өзгерді

АЛМАТЫ. 12-қазан. Kazakhstan Today. "Қазғарыш ҰК" АҚ-ның басшысы өзгерді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ұлттық компанияның кеңсесіндегілер хабарлады.

""Қазғарыш" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның төрағасы болып Азамат Батырғожин тағайындалды", деп хабарлайды компания. Бұған дейін бұл қызметті Серік Тұржанов атқарған.

Азамат Батырғожин ҚР білім және ғылым министрлігінің аэроғарыштық комитеті төрағасының орынбасары болған.

Айта кетелік, "Қазғарыш ҰК" АҚ "Қазақстанда ғарыш қызметін дамыту жөніндегі 2005-2007-жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны" жүзеге асыру аясында 2005-жылдың наурыз айында құрылған. . "Қазғарыш ҰК" АҚ-ның басты жұмыс бағыттары мыналар:

ҚР ғарыш қызметі саласында ағамдық, ұзақ мерзімді салааралық бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу; ҚР әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешуге және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған тиімділігі жоғары ақпарат және ғарыш технологияларын жобалау; ғылыми сыйымдылығы жоғары ғарыштық технологиялар мен техникалар шығаруға бағытталған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыру; халықаралық ғарыш станциясында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін ұшқыш басқаратын ғарыштық сапарларды пайдалану; ұлттық қауіпсіздікті, қорғанысты, қоршаған ортаны қорғауды, төтенше жағдайларды болжауды және монитринг жүргізуді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік тапсырыстарды орындауға қатысу.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны