24.06.2008, 13:26 1311

"ҚазСат-1" жер серігін жасауға жұмсалған қаржы қандай жағдайда да қайтарылады - Шүкеев

"ҚазСат-1" жер серігін жасауға жұмсалған қаржы қандай жағдайда да қайтарылады - Шүкеев

Астана. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" -"ҚазСат-1" жер серігін жасауға жұмсалған қаржы қандай жағдайда да қайтарылады. Бұл туралы бүгін өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанның вице-премьері Өмірзақ Шүкеев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бүгінгі күні бұл жер серігі істен шығып отыр. Қазір ресейліктермен бірлесіп оны орбитаға қайтаруға талпыныстар жасалуда. Бұл жағдай жер серігі құрдымға кеткенге дейін, қазан айына дейін созылуы мүмкін", - деді Ө. Шүкеев.

"Қандай жағдайда да біз енді жер серігін және оған қоса оны жасауға жұмсалған 65 млн доллардан айрылдық деген тұжырым жасау ерте. Кезінде Ұлттық инвестициялық қор бұл жер серігін сақтандыру шартына қол қойған, онда аппаратты жасауға жұмсалған қаражатты 100 процент қайтару қарастырылған", -деді вице-премьер.

Оның хабарлауынша, бұл мәселе үкімет басшысымен өтетін кеңесте бүгін талқыланады. "Біз ресейліктермен бірлесіп жер серігінің істен шығу себебін және осындай жағдайдан шығу стратегиясын талқылайтын боламыз",- деді вице-премьер.

Ө. Шүкеевтің ақпаратына сәйкес, "қазір жер серігінің істен шығу себебін тексерумен айналысатын мемлекеттік комиссия құрылған".

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "ҚазСат-1" жер серігі 8 маусым күні мәскеу уақытымен сағат 07.00-де істен шығып, телекоммуникациялық жер серігінің бортындағы сандық жабдық істемей қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны