01.07.2009, 15:54 2485

"Қазсат-1" жер серігіне қатысты проблемаларға қарамастан, Қазақстан "Қазсат-2" жер серігін ұшыруды жоспарлауда - Шүкеев

"Қазсат-1" жер серігіне қатысты проблемаларға қарамастан, Қазақстан "Қазсат-2" жер серігін ұшыруды жоспарлауда - Шүкеев

Астана. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" -"Қазсат-1" жер серігіне қатысты проблемаларға қарамастан, Қазақстан "Қазсат-2" жер серігін ұшыруды жоспарлауда. Бұл туралы бүгін үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеев Қазақстандық ғарышкердің бірінші ғарыштық сапарының 15 жылдығына арналған "Қазақстан - ғарыш" атты халықаралық конференцияда мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз жер серіктерін ұшыра береміз. Бұл - аса күрделі жұмыс. Бізде "Қазсат-1" жер серігіне қатысты проблемалар туындағанын өздеріңіз білесіздер, бірақ бұл - ғарыштық бағдарламаны тоқтатуға сылтау бола алмайды", -деді ол.

"Біз қазір "Қазсат-2" жер серігін ұшыруға дайындалып жатырмыз, біз Жерге қашықтан зонд жүргізетін жер серіктерін және телекоммуникациялық жер серіктерін құрастырып ұшыратын боламыз", - деді бірінші вице-премьер.

Сондай-ақ, Өмірзақ Шүкеевтің айтуынша, Қазақстан телекоммуникация саласында Ресейлік серіктестермен бірге бірқатар жобаларға қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны