10.06.2008, 09:55 1354

"ҚазСат-1" жер серігінің хабар таратуы борттағы сандық есептегіш жүйенің істен шығуы себепті тоқтатылды

"ҚазСат-1" жер серігінің хабар таратуы борттағы сандық есептегіш жүйенің істен шығуы себепті тоқтатылды

Байқоңыр. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - "ҚазСат-1" жер серігінің хабар таратуы борттағы сандық есептегіш жүйенің істен шығуы себепті тоқтатылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігіндегі ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Ақпарат көзі атап көрсеткендей, бұл соңғы екі аптадағы шамамен 36 мың шақырымды құрайтын геостационарлық орбитада жүрген ғарыш аппараттарының жұмысындағы осындай үшінші оқиға болып отыр. Бұған дейін IntelSat-904 пен "Экспресс-АМ22" жер серіктерінің жүйелерінде ақау табылған. Бұған себептердің бірін мамандар Күннің магниттік белсенділігімен байланыстырып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны