22.09.2009, 14:03 2787

"KazSat-2" 2010 жылғы желтоқсанда ұшырылады деп жоспарлануда - Қазғарыш

"KazSat-2" 2010 жылғы желтоқсанда ұшырылады деп жоспарлануда - Қазғарыш

Алматы. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - "KazSat-2" ғарыштық аппараты 2010 жылғы желтоқсанда ұшырылады деп жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Республикасының "Қазғарыш" Ұлттық ғарыш агенттігінің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "қазір келісім-шарта қосымша қабылданды, онда жаңадан жасалып жатқан "KazSat-2" ғарыштық аппаратын жасаушы тарапынан оның сенімділігі мен сапа кепілдігін беруі қажеттігі, сондай-ақ, аппаратты жасаушының "KazSat-2" ғарыштық аппараты орбитаға шығарылған және оны пайдалану құқығы Қазақстан жағына берілгеннен кейін сақтандыру жағдайы туындаған кездегі жауапкершілігі қарастырылған. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасуда. "KazSat-2" ғарыштық аппараты 2010 жылғы желтоқсанда ұшырылады деп жоспарлануда".

""KazSat-2" ғарыштық аппаратына қатысты барлық жұмыстар сарапшылармен бірнеше мәрте консультациялардан және техникалық комиссиялардың нұсқауларынан кейін ғана алқалық шешімнің негізінде атқарылуда", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, "ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының "Қазғарыш" Ұлттық ғарыш агенттігінің Стратегиялық жоспарына сәйкес "KazSat-3" юайланыс және хабар тарату жер серігінің техникалық кескін-келбетін жасап келісу жұмыстары жүргізілуде.

"Қазғарыш" Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "жасалып жатқан "KazSat" сериялы жер серіктерінің басты мақсаты - отандық барлық байланыс және хабар таратушы операторларының телерадиохабарларын таратушы және спутниктік желілерін қолдау және өзара резерв құруын қамтамасыз етуге саяды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны