25.09.2006, 12:05 2828

"KazSat-2" жер серігін жасауға бағытталған тендерде Хруничев атындағы орталық жеңіске жетті: "KazSat-2" жер серігін жасауға еліміз 115 млн. доллар жұмсамақ

АСТАНА. 25-қыркүйек. Kazakhstan Today. "KazSat-2" жер серігін жасауға бағытталған тендерде "М. В. Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы" жеңіске жетті: "KazSat-2" жер серігін жасауға еліміз 115 млн. доллар жұмсамақ. Бұл туралы бүгін республикалық ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі жөніндегі орталықтың вице-президенті Ғабдуллатиф Мырзақұлов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Егер еліміздің тұңғыш жер серігін жасауға 55 млн. доллар жұмсалған болса, техникалық параметрлері біршама жақсартылған екінші жер серігін жасау 115 млн. долларға түспекші",- деді Ғ.Мырзақұлов "Қазақстанда ғылымның басым даму бағыттарын анықтау және ғылыми әлеуетті бағалау" атты халықаралық форум аясындағы брифингте.

Оның айтуынша, бұл - "дүниежүзінде бар шағын ғарыштық аппараттардың орташа құны".

"Жуырда Қазақстанның екінші жер серігін жасауға дайындық жұмыстарына бағытталған байқау процедуралары аяқталды. Байқауда "М. В. Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы" жеңіске жетті",- деді ол.

"Олар бұл мәселеге қатысты жақсы сабақтастық сақтап қалды. Ойдағыдай техникалық сипаттамаларды қамтамасыз етті, сондай-ақ, компания лайықты баға ұсынды. Олар сондай-ақ орбитада еліміздің ойынан шығатындай орынды ұсынып отыр",- деді Ғ.Мырзақұлов.

"Жер сірігін 2009-жылға дейін жасап шығару жөніндегі уағдалы мерзімде жұмыстар аяқталады", дегенге маман сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны