21.01.2009, 17:44 3057

KazSat-2 жобасы жалғасын табады - Қазақстан үкімет басшысы

KazSat-2 жобасы жалғасын табады. Бұл туралы үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін Ұлттық ғарыш агенттігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Астана. 21 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - KazSat-2 жобасы жалғасын табады. Бұл туралы үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін Ұлттық ғарыш агенттігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз KazSat-2 жобасын жалғастыру қажет пе, әлде қажет емес пе деген сұраққа бетпе-бет келген жағдайда болдық. Нәтижесінде сіз бүгін жария еткен өзгерістер мен толықтыруларды ескере келе KazSat-2 жобасы жалғасын табады деген ұйғарымға келдік", - деді премьер-министр Қазғарыш басшысы Талғат Мұсабаевқа қаратып айтқан сөзінде.

"Бұл мәселеде маманның пікірін дұрыс түсіну айрықша маңызды. Біз сіздің пікіріңізге бағынамыз", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны