08.05.2013, 11:08 32562

"KazSat-3" жерсерігі ақылы негізде көршілес елдерге спутниктік қызметтер ұсына алады

"KazSat-3" жерсерігі бір мезгілде резервтік және қолданыстағы аппарат болады, ол спутниктік жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Бұдан өзге, екі жерсерік бүкіл Қазақстанның радиожиілік ресурстағы сұраныстарын қанағаттандыра алады, және де Қырғызстанның, Түркіменстанның, Ресейдің және Өзбекстанның бөліктеріне ақылы негізде спутниктік қызметтер ұсыну мүмкін болады", - деді Т. Мұсабаев.

Астана. 8-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2014 жылы "KazSat" жүйесінің үшінші жерсерігі іске қосылады, ол республикамызға көршілес елдерге ақылы негізде телекоммуникациялық қызметтер ұсына алады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті.

"KazSat-3" жерсерігі бір мезгілде резервтік және қолданыстағы аппарат болады, ол спутниктік жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Бұдан өзге, екі жерсерік бүкіл Қазақстанның радиожиілік ресурстағы сұраныстарын қанағаттандыра алады, және де Қырғызстанның, Түркіменстанның, Ресейдің және Өзбекстанның бөліктеріне ақылы негізде спутниктік қызметтер ұсыну мүмкін болады", - деді Т. Мұсабаев.

Сонымен бірге, "KazSat-3" жерсерігін "Луч" ресейлік ғарыш аппаратымен бірге "Протон" зымыран тасығышы мен екпінді блокты пайдаланып "Байқоңыр" ғарыш айлағынан іске қосу 2014 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны