25.05.2006, 15:56 3227

Қыркүйекте Халықаралық ғарыш станциясынан Жапониялық турист ғарышқа аттанады

БАЙҚОҢЫР. 25-мамыр. Kazakhstan Today. Қыркүйекте Халықаралық ғарыш станциясынан Жапониялық турист ғарышқа аттанады.
Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне “Байқоңыр” Федералдық ғарыш орталығының баспасөз хатшысы Олег Урусов хабарлады.

О.Урусовтың хабарлауынша, Халықаралық ғарыш станциясына жол тартатын кезекті экипажбен бірге Жапония азаматы Дайсукэ Эномото аспан кеңістігіне аттанады. Жапониялық ғарыштық туристің дублері ролін Иран текті АШҚ азаматы Аньюша Ансари есімді әйел атқармақ.

Ғарыштық турист Халықаралық ғарыш станциясына Ресейлік ғарышкер Михаил Тюринмен және НАСА астронавты Майкл Лопес-Алегриямен бірге ұшады.
О.Урусовтың айтуынша, Байқоңырға “Союз ТМА-9” ғарыш кемесін алып ұшатын “Союз ФГ” зымыраны жеткізілді.

Халықаралық ғарыш станциясына баратын пилотты корабль 14-қыркүйекте ұшырылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны