28.04.2017, 18:23 231718

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетініӊ ғалымы жердіӊ құнарын арттыратын табиғи тыӊайтқышты ұсынды

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ жаратылыстану факультетініӊ деканы, ауыл шаруашылығы ғылымдарыныӊ кандидаты Самалбек Қосановтыӊ айтуынша, жауынқұрттар, соныӊ ішінде калифорниялық қызыл құрттар өӊдеген тыӊайтқыштар жердіӊ құнарлығын арттырып қана қоймай, топырақтыӊ бойында ылғалдылықтыӊ ұзақ уақыт сақталуына мүмкіндік береді.

Қызылорда. 28 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылордалық ғалым химиялық тыӊайтқыштардан бас тартып, олардыӊ орнына жердіӊ құнарын арттыратын кәдімгі жауынқұрттарды пайдалануды ұсынып отыр, деп хабарлайды "Сыр бойы" басылымы.

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ жаратылыстану факультетініӊ деканы, ауыл шаруашылығы ғылымдарыныӊ кандидаты Самалбек Қосановтыӊ айтуынша, жауынқұрттар, соныӊ ішінде калифорниялық қызыл құрттар өӊдеген тыӊайтқыштар жердіӊ құнарлығын арттырып қана қоймай, топырақтыӊ бойында ылғалдылықтыӊ ұзақ уақыт сақталуына мүмкіндік береді.

"Табиғат санитарларыныӊ негізгі қорегі - шіріген жапырақ пен малдыӊ қиы. Тіпті экологиялық ахуалға да әсері мол. Себебі, бұған дейін полигондарға төгіліп келген түрлі тұрмыстық қалдықтарды да жей береді. Бұл - биогумус, яғни құнарлы топырақ. Химиялық тыӊайтқыштардыӊ орнын осы органикалық тыӊайтқыш алмастыруы тиіс. Мысалы, химиялық тыӊайтқыштар синтетикалық жолмен алынатын болса, ал бұл табиғи жолмен алынады. Мұндай тыӊайтқышты пайдаланғандар биыл мол өнім алады. Бұған 100 пайыз сенімдімін", - дейді ол.

Ғалымныӊ айтуынша, қазіргі таӊда бұл тәжірибе оқу орны ғимаратыныӊ жертөлесінде жүргізіліп жатыр. Осында әзірленген тыӊайтқышты әуесқой жылыжай егушілер ғана сатып алуда. Бір қабы 2 мыӊ теӊге тұрады.

Алдағы уақытта Самалбек Қосанов таптырмайтын табиғи тыӊайтқыш дайындайтын өндіріс орнын ашуды көздеп отыр.

"Енді біз гектарлап егін егетіндерге табиғи тыӊайтқышты ұсынуымыз үшін өндірістіӊ аясын кеӊейтуіміз керек. Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Ресей елі, Еуропа мемлекеттері жауынқұрттардыӊ пайдасы көл-көсір болғасын, оны кеӊінен пайдалануда. Еліміздіӊ солтүстік, шығыс өӊірлері де ауыл шаруашылығында қолдануда. Сыр өӊірінде бұл шаруа дамымай отыр", - деді ғалым.

Университет қабырғасында өсімдіктердіӊ көшеттері отырғызылған. Оныӊ тыӊайтқышы жауынқұрттардан дайындалған.

"Осы бөлмеде ағаштардыӊ, көкөністердіӊ, гүлдердіӊ көшеттері бар. Барлығыныӊ топырағы құнарлы. Сондықтан шығымы өте жақсы. Мында Еуропа мен Қытайда өсірілетін павловния ағашыныӊ көшеті де бар. Бұйырса, бірер аптадан соӊ далаға отырғызамыз. Бұл ағашты Сыр өӊіріне жерсіндіргіміз келеді", - дейді химия пәнініӊ лаборанты Ұлған Тәжімбетова.

Самалбек Қосанов түптіӊ түбінде химиялық тыӊайтқыштардан бас тарту керектігін айтады. Себебі, мұндай тыӊайтқыштарды шамадан тыс беру өнімніӊ өнімділігін арттырғанымен, адамныӊ ағзасына кері әсерін тигізеді.

"Еӊ болмаса, химиялық тыӊайтқыштар арқылы дайындалған өнім мен табиғи жолмен піскен өнімдерді бөлек сататын арнайы орындар болуы тиіс", - деп сөзін түйіндеді ғалым.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны