27.03.2007, 12:42 3159

ҚР аэроғарыш агенттігі "Бәйтерек" ғарыштық-зымыран кешенін құру мерзімін кейінге шегеруді талап етуде

АСТАНА. 27-наурыз. Kazakhstan Today. ҚР аэроғарыш агенттігі "Бәйтерек" ғарыштық-зымыран кешенін құру мерзімін кейінге шегеруді талап етуде. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен кеңес барысында ҚР аэроғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев хабарлады.

"Ресей жағының ақпаратына сәйкес, "Ангара" ауыр зымыран-тасығышының Ресейдегі Плисецк ғарыш айлағындағы сынақтары 2011-жылға шегерілген. "Бәйтерек" жобасы дәл осы топтағы зымырандарды ұшыру үшін жасалғандықтан, біздің жобаны жүзеге асыру мерзімін де кейінге шегеру қажет",- дейді Т.Мұсабаев.

Оның айтуынша, Қазақстан- Ресей бірлескен "Бәйтерек" кәсіпорны үшін "әсіресе қазіргі несиелік келісім-шарты бойынша несие мерзімінде қайтарылмайтын болды" . "Бұған дейін тиісті халықаралық үкіметаралық келісім-шартына қол қойылған кезде ұсынылған мерзімді Ресей 2008-жылдан 2011-жылға шегергендіктен, осы несиелік келісім-шарт тіпті теориялық тұрғыдан алғанда да орындалмайды",- деді агенттік төрағасы.

Сонымен бірге Т.Мұсабаев "Бәйтеректің" ғарыштық-зымыран кешенін құру бағытындағы дүниежүзіндегі бірінші коммерциялық жоба екенін, сол себепті оның жүзеге аспай қалуына жол беруге болмайтынын" атап өтті.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Байқоңырдағы "Бәйтерек" кешенінен бірінші зымыран 2012-жылы ұшырылады деп межеленген. "Бәйтерек" жобасы бойынша "Ангара" ауыр зымыран-тасығышының негізінде ғарыштық-зымыран кешенін құру көзделген. "Бәйтерек" ғарыштық-зымыран кешеніне ғарыштық аппараттарды дайындау мен сынақтарға арналған жұмыс орындары бар ұшырылым және техникалық кешені қамтылады. Бәйтеректе сонымен бірге өлшем кешені мен коммуналдық шаруашылық нысандары да енеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны