11.01.2013, 13:41 24774

ҚР СІМ Байқоңыр ғарыш айлағына қатысты БАҚ-тағы соңғы жарияланымдарға қатысты түсініктеме берді

"Ең алдымен, біздің елдеріміз арасындағы қатынастар стратегиялық әріптестік, тату көршілік, одақтастық және достық рәуіште дамып келе жатқанын атап көрсеткім келеді", деп атап өтті А.Ибибуллаев.

Астана. 11-қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінің (ОКҚ) ресми өкілі Алтай Ибибуллаев Байқоңыр бойынша БАҚ-тағы соңғы жарияланымдарға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ең алдымен, біздің елдеріміз арасындағы қатынастар стратегиялық әріптестік, тату көршілік, одақтастық және достық рәуіште дамып келе жатқанын атап көрсеткім келеді", деп атап өтті А.Ибибуллаев.

"2012 жылғы 19 желтоқсанда Мәскеуде ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесі мен ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы отырыстарының ауқымындағы екіжақты кездесулердің барысында біздің мемлекеттеріміздің басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, соның ішінде Байқоңыр кешенін одан әрі бірлесе пайдалануды талқылады. Ғарыш саласындағы ынтымақтастықтың көпжылдық тәжірибесіне қанағаттанатынын білдіре отырып, Мемлекеттер басшылары Байқоңыр кешенін бірлесе пайдаланудың нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізді және екі елдің ғарыш ведомстволарына ғарыш айлағын бірлесе пайдаланудың тәртібін реттейтін, оның ғылыми-техникалық әлеуетін дамыту, бірлескен зымыран кешендерін құру, кадрлар даярлау және қазақстандық мамандардың ұшыру қызметтеріне қатысуы бойынша жан-жақты қамтитын екіжақты келісім жасауды тапсырды. Сіздерге белгілі, Қазақстанның Байқоңыр бойынша ресми ұстанымын 2012 жылғы желтоқсанда ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов та мәлім етті", деді ол.

Еске сала кетейік, бірқатар БАҚ жақында 2012 жылдың соңында ресей тарабы Қазақстан Үкіметіне Қазақ ғарыш агенттігінің басшысы Талғат Мұсабаевтың қазақстандық Парламентте "Қазақстан ресейлік "Протон-М" зымыран тасығыштарын ұшыру санын қысқартуға кіріседі" деген сөзі бойынша түсініктеме беруді талап еткен ресми нота жолдады және ол Ресейді "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенін жасау туралы шартты орындамай отырғанына айыптады, сондай-ақ Байқоңыр ғарыш айлағын жалға беру жөнінде жаңа келісім жасалуы тиіс" деген пікірін білдірді, деп хабарлаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны