26.12.2006, 15:54 3377

Мемлекет басшысы "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамының бас директорын қабылдады

АСТАНА. 26-желтоқсан. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамының бас директоры Талғат Мұсабаевты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Мемлекет басшысы біздің еліміздің ғарыш саласын дамытуға аса зор маңыз береді",- деді Т.Мұсабаев журналистерге арналған брифингте.

АСТАНА. 26-желтоқсан. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамының бас директоры Талғат Мұсабаевты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы біздің еліміздің ғарыш саласын дамытуға аса зор маңыз береді",- деді Т.Мұсабаев журналистерге арналған брифингте.

"Қазір біз ғарыш саласын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асырудамыз, сондай-ақ 2020 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу жүріп жатыр. Осылайша, Қазақстан ғарыштық державалардың қатарына қосылу үшін қарышты қадам жасауда",- деді кәсіпорын директоры.

Т.Мұсабаев отандық ғарыш саласын дамытуда Қазақстанның алғашқы қадамдарды жасағанын атап өтті. "KazSat-1" ғарыш аппараты ұшырылды - бұл отандық ғарыш саласын дамытудағы аса маңызды оқиға болып табылады. Бірқатар басқа да жобалар жүзеге асырылуда: "Бәйтерек" зымыран-ғарыштық кешенін және "Есіл" авиациялық кешенін құру, Байқоңыр ғарыш айлағында арнайы конструкторлық бюроны құру жұмыстары атқарылды", - деді Т.Мұсабаев журналистерге арналған брифингте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны