21.01.2009, 17:33 3043

Мемлекет ғарыш саласын дамытуға инвестиция жұмсауды одан әрі жалғастырады - үкімет басшысы

Мемлекет ғарыш саласын дамытуға инвестиция жұмсауды одан әрі жалғастырады - үкімет басшысы

Астана. 21 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет ғарыш саласын дамытуға инвестиция жұмсауды одан әрі жалғастырады. Бұл туралы үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін Ұлттық ғарыш агенттігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстанға ғарыш саласы қажет. Өйткені біз ілгерілеушіліктен кенжелеп қалмауымыз керек. Қазір дүниежүзін шарпыған қаржылық дағдарысқа қарамастан, біз мемлекет басшысы алға қойған міндеттерге сәйкес ғарыш саласын дамытуға инвестиция жұмсауды одан әрі жалғастыра береміз", - деді Кәрім Мәсімов.

Оның айтуынша, "Қазақстанда ғарыш саласын дамытудың бірегей мүмкіндігі бар. Оған себеп, әлемдегі санаулы ғана ғарыш айлақтарының бірі Қазақстан аумағында орын тепкен. Оны пайдаланбау, біздің тарапымыздан сорақылық болар еді", -деді премьер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны