26.05.2009, 17:33 2963

Мемлекеттік комиссия Халықаралық ғарыш станциясына баратын "Союз ТМА-15" пилотты кораблінің негізгі экипажының құрамын бекітті

Мемлекеттік комиссия Халықаралық ғарыш станциясына баратын "Союз ТМА-15" пилотты кораблінің негізгі экипажының құрамын бекітті

Алматы. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда мемлекеттік комиссия Халықаралық ғарыш станциясына баратын "Союз ТМА-15" пилотты кораблінің негізгі экипажының құрамын бекітті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін Байқоңыр ғарыш айлағының №17 алаңында Халықаралық ғарыш станциясына баратын "Союз ТМА-15" пилотты кораблінің негізгі экипажының құрамын бекіту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.

Комиссияның шешімімен 20-шы экспедицияның экипажы мынадай құрамда бекітілді: ресейлік Роман Романенко - "Союз ТМА-15" транспорттық пилотты кораблінің командирі, Халықаралық ғарыш станциясының бортинженері, канадалық Роберт Тирск - "Союз ТМА-15" транспорттық пилотты кораблінің бортинженері, Халықаралық ғарыш станциясының бортинженері, бельгиялық Франк де Винн -"Союз ТМА-15" транспорттық пилотты кораблінің бортинженері, Халықаралық ғарыш станциясының бортинженері.

Қосалқы экипаж құрамында: "Союз ТМА-15" транспорттық пилотты кораблінің командирі, Халықаралық ғарыш станциясының бортинженері - Дмитрий Кондратьев (Роскосмос), "Союз ТМА-15" транспорттық пилотты кораблінің бортинженері, Халықаралық ғарыш станциясының бортинженері - Андрэ Кауперс (Еуропалық ғарыштық агенттік), "Союз ТМА-15" транспорттық пилотты кораблінің бортинженері, Халықаралық ғарыш станциясының бортинженері - Крис Хадфилд (Канада ғарыштық агенттігі) бар.

"Союз-ФГ" ғарыштық зымыраны мен "Союз ТМА-15" пилотты кемесі 2009 жылдың 27 мамырында Астана уақытымен сағат 16.34-те ұшырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны