26.05.2008, 18:11 2814

Мемлекеттік комиссия "Союз ТМА-11" ғарыш кемесінің 19 сәуір күнгі баллистикалық "қонуының" негізгі себептерін анықтады

Мемлекеттік комиссия "Союз ТМА-11" ғарыш кемесінің 19 сәуір күнгі баллистикалық "қонуының" негізгі себептерін анықтады

Байқоңыр. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекеттік комиссия "Союз ТМА-11" ғарыш кемесінің 19 сәуір күнгі баллистикалық "қонуының" негізгі себептерін анықтады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Роскосмостың" баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Федералдық ғарыш агенттігінің басшысы Анатолий Перминовтың хабарлағанындай, ғарыш кемесінің капсуласының баллистикалық қонуына "Союз ТМА-11" ғарыш кемесінің бөліктерге бөлінер кезінде пироболттың кеш жұмыс істеуі салдарынан аспаптық -агрегаттық бөліктің қону капсуласынан бөлінбей қалуы себеп болған.

19 сәуір күні бортында ресейлік Юрия Маленченко, америкалық Пегги Уитсон және Оңтүстік Кореяның алғашқы әйел ғарышкері Йи Сойоннан құралған экипаж мүшелері бар "Союз ТМА-11" жүк көлік кемесі Қазақстан жеріне баллистикалық құлдыраумен келіп қонғаны белгілі. Бұл ретте ғарыш аппараты белгіленген қону аумағына дейін 420 шақырым жетпеген, ал ғарышкерлер 9 есе жоғары қысымды бастарынан өткізген.

"Роскосмос" басшысы А. Перминов техникалық ақаудың негізгі себебі жайында әңгімеледі: "Бес оқ-дәрі пироболттарының бірі дер кезінде жұмыс істемей қалған. Сондықтан, Жерге қайтып оралар кезде "Союз" ғарыш кемесінің бөліктерге бөлінуі қонатын капсула плазма қабатынан өтіп бара жатқан кезде кеш жасалған. Бұл ғарышкерлерге жоғары күш түсіретін баллистикалық режимге ауысуға алып келген".

А. Перминов плазмадан өтер кездегі аса жоғары температура (Цельсий бағанасы бойынша шамамен 2 000 градус) қалай дегенмен пироболтты жағып немесе жарып жіберер еді, деді. Одан бөлінгеннен кейін аса қолайлы болмаса да, экипаж мүшелерінің Жерге қауіпсіз қонуы жүзеге асар еді. Бұл "Союздың" беріктігін тағы бір рет дәлелдей түскендей.

"Роскосмос" басшысы бұл не себепті қатарынан екінші мәрте қайталанып отырғанын анықтау қажеттігін атап көрсетті. Мемлекеттік комиссияның мамандары жұмысты жалғастыруда. Бұл ретте оқиғаның 12 жолы қарастырылуда. А. Перминов 12 жолдың 7-8 қабылданбағанын айтты. Оларға тиісті қорытындылар бар.

А. Перминовтың пайымдауынша, сараптама жүргізу үшін орбитадан төмендеу кезінде ғарыштағы нағыз жұмыс талаптарының үлгісін жасау үшін арнайы қосымша аппаратураны жасау қажет.

"Роскосмос" басшысы А. Перминовтың айтуынша, соңғы қорытындыны мемлекеттік комиссия маусым айының соңына таман жариялайтын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны