18.07.2006, 15:09 2566

«Метоп» ғарыш аппаратын ғарышқа алып шығатын «Союз-2-1А» зымыран-тасығышын ұшыру бір тәулікке кейін шегеріліді

БАЙҚОҢЫР. 18 шілде. Kazakhstan Today. Байқоңыр ғарыш айлағынан 17 шілдеде ұшырылуы тиіс болған «Метоп» ғарыш аппаратын ғарышқа көтеретін «Союз-2-1» зымыран тасығышын ұшыру уақыты бір тәулікке шегерілді. Бұл жөнінде агенттік тілшісіне «Байқоңыр» Федералды ғарыш орталығының баспасөз-қызметі хабарлаған.

Баспасөз-қызметінің хабарламасында көрсетілгендей, зымыранды 31 алаңнан ұшыру техникалық себептерге байланысты кейінге шегерілген. Изірге техникалық ақау туралы айтылмайды. Зымыран тасығышты ұшыру 18 шілдеде, Астана уақыты бойынша 22 сағат 58 минутта жүзеге асырылады.

Осыған дейін хабарланғандай, «Союз-2-1А» Байқоңыр айлағынан ұшырылатын алғашқы жетілдірілген зымыран тасығыш. «Союз-2» зымыран тасығыш «Союз У» зымыранының жетілдірілген түрі. Басты ерекшелігі пайдалы жүк орнының диаметрі 410 сантиметрге кеңейтілген, бұл көлемді жүкті сыйғызуға мүмкіндік береді. Жылдамдатылған двигателі «Союз-2» зымыранының жүк көтеру қабілетін «Союз У» қарағанда 1200 кг ұлғайтады. Жоспар бойынша, алдағы уақытта С. Королевтың құрастырған Р7 зымырандарын «Союз-2» алмастыратын болады.

«Союз-2-1А» зымыран тасығышы ғарышқа еуропалық «Метоп» жер серігін жеткізуі тиіс. Жер серігіне жерге бақылау жасайтын салмағы 4 тоннаға жуық 18 антенна қондырылған.

«Метоп» технологиялық жабдығы Жер бетінің температурасын дәл өлшеп, атмосферадағы азон деңгейін және теңіз бетіндегі ауа бөліктерін бақылауға мүмкіндік береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны