20.07.2006, 17:55 2715

«Метоп» жер серігін ғарышқа көтеретін «Союз-2» зымыраны монтажды-сынақ корпусына қайтарылады

БАЙҚОҢЫР. 20 шілде. Kazakhstan Today. Метоп» аппаратын ғарышқа алып шығатын «Союз-2-1А» зымыраны ұшыру алаңынан монтажды-сынақ корпусына қайтарылатын болды. Бұл жөнінде агенттік тілшісіне «Байқоңыр» Федералды ғарыш орталығының баспасөз-хатшысы Олег Урусов хабарлаған.

«Техникалық ақауларға байланысты зымыранды ұшыру алаңынан алу туралы шешім қабылданды», - дейді Олег Урусов. Зымыранның жанармайы қуйып алынып, монтажды-сынақ корпусына жіберіледі.

Осыған дейін хабарланғандай «Союз-2-1А» зымыранын ұшыру 17 шілдеге белгіленген болатын. Алайда, техникалық кедергіге байланысты ұшыру бір тәулікке шегерілген.

Изірге зымыранды ұшыру уақыты айтылмайды.

«Союз-2-1А» Байқоңыр айлағынан ұшырылатын алғашқы жетілдірілген зымыран-тасығыш. «Союз-2» «Союз У» зымыранының жаңартылған түрі.
Басты ерекшелігі пайдалы жүк орнының диаметрі 410 сантиметрге кеңейтілген, бұл көлемді жүкті сыйғызуға мүмкіндік береді. Жылдамдатылған двигателі «Союз-2» зымыранының жүк көтеру қабілетін «Союз У» қарағанда 1200 кг арттырады. Жоспар бойынша, алдағы уақытта С. Королевтың құрастырған Р-7 зымырандарын «Союз-2» алмастыратын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны